Үздік тігінші
«Еңбек күнін» мерекелеуге арналған колледжіміздің іс-шара жоспарына сәйкес 2023жылдың 27-қыркүйек күні «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Білім – тәжірибе – іскерлік» орталығының ұйымдастыруымен «Үздік тігінші» байқауы болып өтті. Байқауға дуальды оқыту жүйесінде білім алып жатқан студенттер қатысты. Байқау төмендегідей шарттар негізінде өткізілді:
- «Өз ісімнің білгірімін білікті»
2.«Шебер сынып» сайысы
3.Өз туындысын жарнамалау
Байқау қорытындысында:
1 орынды Әмірбек Аяулым
II орынды Оралбек Ақерке
III орынды Маккамбаева Улбосын , Боранова Қымбат иеленді .
Байқау директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Аташов пен әдістеме кабинетінің меңгерушісі Н.Айдархановалардың басшылығымен, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Білім – тәжірибе – іскерлік» орталығының жетекшісі Н.Т Сералиеваның ұйымдастыруымен іске асты. Бұл байқау мамандық иелерінің кәсіби шеберлігін молайтып, олардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.