“WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2022” чемпионаты – жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру мақсатында өткізілетін білім мен тәжірибені ұштастырған халықаралық байқау. Сол себепті оқу орындары үкілеген үміттерінің дәл осы сында ақталуын асыға күтеді. Біздің де үкілеген үмітіміз ақталып, 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында өткізілген “WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2022” республикалық чемпионатында “Графикалық дизайн” құзіреттілігі бойынша қатысқан студентіміз Батырхан Дидар жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс біздің оқу орнының ғана емес , Түркістан облысының абыройын асқақтата түсті. Шәкірт жеңісі – ұстаз мерейі .Он тоғыз үміткердің ішінен жүлдеге қол созған шәкіртімізді баптаған информатика пәнінің оқытушысы Бекет Сапаркүлге айтар алғысымыз шексіз. Ұстаз білімді болса , республикалық сында шәкірттеріміздің топ жара беретінінің айқын айғағы осы. Жеңіс құтты болсын. Оқу орнының абырой-беделін биіктетер шәкірттеріміз көп болсын.
