Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде «Дене тәрбесі» кафедрасының онкүндігі аясында алғашқы әскери пәнінің оқытушылары П.Сексенбаев пен П.Оразовтардың ұйымдастыруымен «Еркіндіктің көк байрағын көтерер, ұланымыз ел намысын жетелер» тақырыбында АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және қайта жинақтаудан сайыс болып өтті.
Сайысқа әр мамандықтан 12 студент қатысып, ептіліктерімен жылдамдықтарын отан қорғауға тән мінездерін көрсете білді. Қорытындысы төмендегіше:
I – орынды Есіркеп Нұрсұлтан РБ 22-9/2 тобының студенті
II – орынды Ергешбай Азамат РБ 22-9/1 тобының студенті
III – орынды Төлеп Қымбат МДТ 22-9/2 тобының студенті
III – орынды Серіхан Назерке РБ 22-9/1 тобының студенті
жеңіп алды.
Жарыс мақсаты ер-азаматтырымыздың отан қорғау жолындағы дайындығын пысықтау болса, олардың автомат шашып қайта жинаудағы жылдамдығы мен ерік- жігерін көріп, кешегі Бауыржандай батырлармыз өсіп келе жатқанына көз жеткізе түстік. Отан қорғау – ер парызы. Дайындықта жүрген студент жастарымыз-ертеңгі ел қорғаны .






