Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық -техникалық колледжі «Тілдер» кафедрасының «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі » атты онкүндігі аясында шетел тілі пәнінің оқытушысы Болысбек Арайлым БА-21-9 тобымен «The most popular Kazakh poet and writers. The Adjective» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта қазақ ақын жазушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезовтердің өмірі мен шығармашылығы ағылшын тіліндегі бейне материалдармен таныстырылды. Әсіресе, Алаш қайтері А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ақынның “Маса”, “Қырық мысал” кітаптарындағы өлеңдері талданып, ағартушылық еңбегіне баға берілді. Сабақта түрлі көрнекілік құралдар пайдаланып өтті. Студенттер белсенділік танытып, қазақ ақын – жазушыларының шығармашылығына терең бойлағандықтарын танытты.




