Спорт – еңбек, спорт – табыс, саулығың. Шын мықтының шақырамыз барлығын

СПОРТ

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде өтіп жатқан «Дене тәрбесі» кафедрасының онкүндігі аясында оқытушыларымыз Ө.Ташкенбаев, Б.Нұрымбетов, Е.Козбаевтардың ұйымдастыруымен «Спорт – еңбек, спорт – табыс, саулығың. Шын мықтының шақырамыз барлығын» тақырыбымен қыздар арасында волейболдан колледжішілік жарыс болып өтті. Жарысқа әр бөлімдерден жалпы жеті команда қатысып, өз ара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен сында

I – орынды  «Өнер» бөлімі студенттері

II – орынды  «Бағдарламалау»  бөлімі студенттері

III – орынды «Педагогика» бөлімі студенттері  жеңіп алды.

Жарыс барысында тамаша ойын өрнегін көрсеткен БҚҚ 21-1 тобының студенті Құттыбек Назерке «Үздік ойыншы», МБТ21-9 тобының студенті Құлжанова Ақерке «Үздік шабулшы», МБТ19-9 тобының студенті Жаппарова Жанар «Үздік доп ұзатушы», МБТ22-9/2 тобының студенті Қантөре Фариза «Үздік қорғаушы» аталымдар бойынша марапатталды.

  Волейбол спорты – колледжде жоғары қарқынмен дамыған спорт екенін және біздің оқу орнының құрама командасы облыста олжа салып жүрген, өзіндік ойын өрнегін көрсетіп жүрген ұжым саналады. Жоғарыда өткізген жарыс нәтижесінде колледждің құрамасына үміткер ойыншыларыды таңдауына да ерекше мүмкіндік болды.