Өндірістік кеңес

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау-басты назарға қойылған. 2022-2023 оқу жылы басында директор жанынан құрылған өндірістік кеңес әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған білім алушылардың іс-қағаздарымен танысып, ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмектің түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» №320 қаулысы негізінде әлеуметтік көмек алушылардың тізімін анықтады.

Әлеуметтік көмек алатын білім алушылар санатына әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, түрлі топтағы мүгедек студенттер, көп балалы отбасынан шыққандар жатқызылады. Оларға жәрдемақы тағайындалып, шәкіртақы мен жолақыны уақытылы алу және жатақханадағы жай-күйі, психологиялық ақуалы, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы үнемі назарда ұсталады. Жатақханада тұл жетім студенттер тегін орналастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған студентерге жеңілдік қарастырылған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай әлеуметтік қолдаулар жастардың алаңсыз білім алуына жол ашып, болашаққа сеніммен қарауына негіз болады.

Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Жеке тұлғаның қабілеті мен қажеттілігіне лайық құзырлы білім мен тәрбие беру мақсатында колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер және ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізіледі.

Қыркүйек айынан әлеуметтік қызметтің негізгі жұмыстары жүргізілді:

-Әлеуметтік диагностика (тұлғаның жеке және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу)

-Әлеуметтік профилактика (тұлғаның әлеуметтік сәтсіздігінің алдын алу)

-Әлеуметтік коррекция (әлеуметтік түзету және оны дамыту)

-Әлеуметтік кеңес (мәселелерді шешуге көмектесу)

-Әлеуметтік білімді көтеру (әлеуметтік мәдениетті көтеру)