Түркістан обылысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 23.09.2022ж. күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана – табыс мекені» атты кітапхананың ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастарды кітап оқуға үндеу, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру және жаңа оқулықтармен таныстыру.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушы студент оқырмандарға кітап, оқулық туралы көптеген мәліметтер мен ақыл кеңестер айтты.Кітапхана меңгерушісі Н.Мизамиева қазақтың біртуар перзенті,қазақ әліпбиін құрастырушы, әдебиет зерттеушісі,көсемсөз шебері, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет- ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында таныстырылым жүргізіп, студенттерді оның құнды еңбектерімен таныстырды. Колледж студенттері Қантуреева Г, Құрасбай Ұ, Есенбекова Д, Тухтаева Ш, Қаржауова Б, Білдаш С, Амангелдиева Д, Э.Жүсіп сынды студенттер «Кітапхана- табыс мекені» ашық есік күніне арналған іс-шараға өз үлестерін қосып, А.Байтұрсыновтың жалынды жырларын жатқа оқыды.
Сонымен қатар Н.Мизамиева «Оқуға құштар колледж» Тұжырымдамасының мақсатын оқуға шақыру, кітапты сүйіп оқуды насихаттау, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтау деп түсіндірді.
Студент жастар «Оқуға құштар колледж» Тұжырымдамасы аясында жасалған жаңа оқулықтар көрмесін тамашалады.
Іс-шара соңында директордың КОЖ орынбасары Э.Нұржаева кешке қатысушыларға алғысын білдіріп, келешекте білікті маман болып шығуларына тілек білдірді. Кеш соңында студенттер кітаптың пайдасы, қадыр қасиеті туралы айтылған ұстаздарының пікірлерін тыңдап, ерекше әсерге бөленді.





