2022 жылдың 17 маусым күні Түркістан қаласында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында волейболдан тұңғыш рет Ұлттық спрот лигасының ақтық сыны өтті. Әр облыстың жеңімпаз топтары қатысқан ақтық сайыстың ашылу салтанатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коллдежінен 50-ге жуық оқытушылар мен студенттер әсем әннің сазында спорттық қойылым көрсетіп, қатысушыларға жоғарғы көңіл күй силады. Оқу орны ұжымы Республикамыздың 7 өңірінен (Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Алматы облысы, Шымкент, Жамбыл, Түркістан) келген спартакиада қатысушыларына сәттілік тілейді!

