СПОРТ

 Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің спорт пен өнер саласында зор жетістікке жетіп, оқу орны абыройын асқақтатып жүрген талантты өрендері аз емес. Сондай жұлдызды студенттері, атап айтқанда Мырзақұл Жарқынбек, Бегайдарұлы Наурызбай, Исмурзаева Дана, Нұржанқызы Аружандар  2022 жылдың 7-10 маусым күндері аралығында Алматы облысындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында үстел теннисінен өткен ұлттық спорт лигасының ақтық сынында өнер көрсетіп, жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Түркістан облысының  намысын абыроймен қорғап шыққан колледжіміздің үстел теннисі құрама тобының бұл жеңісі бүкіл орта арнаулы оқу орындарының ортақ жетістігіне баланып отыр. Оқу орнымыздың республикалық деңгейде жеңімпаз атанған спортшыларын баптаған спорт жетекшілеріне алғысымызды білдіре отырып, ордамыздай осындай озық спорт саңлақтарының шыға беруін тілейміз.