2022 жылдың 29 сәуір күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Мәңгілік ел- мәңгілік мұра» тақырыбында өткен облыстық пікір сайыс турнирінде оқу орнымыздың дебат клубы І – орынды жеңіп алып, республикалық турнирге жолдама алды. Түркістан индустриалды – құрылыс колледжі базасында өткен дебат-турнирге облыстағы 16 жалпы білім беретін мектептен және 16 орта арнаулы оқу орындарынан, жалпы саны – 32 пікір сайыс топтары қатысты. Біздің дебат клубымыз барлық бәсекелес топтардан дара шығып, ақтық бәсекеде № 3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінің пікірсайыс командасымен БП- Қазақ жастарының проблемасын көрсетеді тақырыбында сайысқа түсіп, отаншылдық пен елжандылықтың ерен үлгісін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс- Ғ.Мұратбеав атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіндегі дебат клуб мүшелері алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін өткізілген облыстық дебат турнирінде клуб мүшелері лидер-спикер Сексенбай Жансұлу Нұрланқызы мен спикер Қаус Әбдіғаппар Әділханұлы дебат клуб мүшелері екі дүркін жеңімпаз атанған болатын. Кезекті осы жарыста да аталған спикерлеріміз шешендігі мен тапқырлық идеяларымен дараланып, үш дүркін чемпион атанып қана қоймай, облыста теңдессіз дебат клубы екенін тағы да бір дәлелдеп берді. Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын деп А. Байтұрсынов айтқандай, келесі күні колледж оқытушылары мен студенттері жеңімпаз атанған, облыстық үш дүркін чемпиондары Ж.Сексенбай мен Ә. Қаусты, жетекшісі жастар ұйымының инспекторы Д. Абишеваларды салтанатты жағдайда қарсы алып, колледж директоры, п.ғ.к. Л.А. Баймаханова құттықтау сөз сөйледі. Оқу орнының абыройын биіктеткен дебат клубының мүшелеріне алдағы республикалық жарыстарда биіктен көрінуін тілейміз.


