Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 11 ақпан күні «Жас маманның кәсіби дамуының құралы–өзін-өзі тәрбиелеу» атты жас мамандар онкүндігінің аясында «Жеңіс кімге бұйырады?» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер үш топқа бөлініп, 7 шарт бойынша сайысып, google test бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап берді.Сайыс соңында «Жүйріктер» тобы жеңіске жетті.



