Жаңашыл кафедра-2022

ІС-ШАРАЛАР

  Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  2022  жылдың  28 қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Жаңашыл кафедра-2022»     байқауы өтті.

Байқау мақсаты: Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын терең меңгерген, ақпараттық-коммуникатикативтік технологияларды жете білетін, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан креативті үздік жаңашыл кафедраны анықтау

Байқаудың міндеттері:

-педагогтың мәртебесін нығайту және оның беделін көтеру;

-үздік педагогикалық практикаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету;

-білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту;

-виртуалдық білім берудің кеңістігінде үздік бейне сабақтар қорын ұлғайту;

-педагогтардың үздік инновациялық жұмыстарының банкін құру және қолжетімді түрде жариялау;

Байқаудың мазмұнын қазылар алқасы мынадай өлшеммен анықтады.

1-кезең: Таныстыру- шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, кафедра кандидатурасын таныстыру, кафедраның өзіндік ұстанымы «Біздің кәсіби ұстанымымыз» атты оқытушының шығармашылық зертханасы (5 минут).

Бағалау критерилері

-Ұйымдастырушылық қабілеті

-Креативтілігі

2-кезең: Бейне сабақ- ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен  үлгілік оқу бағдарламаларында көрсетілген модульдеріне сәйкес келген тақырыпта қабылданады (ұзақтығы 15 минут)

3-кезең:Үздік инновациялық жоба-оқытушылардың заманауи педагогикалық технологияларды немесе олардың жекелеген элементтерін қолдана отырып оқыту формаларын, құралдарын, әдістерін ашатын нақты бағыттағы инновациялық жұмыстары(7-8 минут)

«Жаңашыл кафедра-2022» байқауының жеңімпазы «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасы