Ақпараттық және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік

ІС-ШАРАЛАР

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  2022  жылдың  20 қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Ақпараттық және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» тақырыбында  психологиялық-тренинг өтті. Тренинг барысында психология  пәнінің оқытушылары  Ұ.Тәттібай, Ж.Балқыбекова, Б.Зулпыхаров әлеуметтік желілерден келіп жатқан ақпараттар ағымының пайдалы және зиянды жақтарын көрсете отырып, тренинг жаттығулар жүргізді.