Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 29 – желтоқсанында « Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт» тақырыбында топаралық жаңа жылдық қабырға газеттерінің сайысы болып өтті. Сайысқа оқу орнындағы барлық оқу топтары белсене катысты. Қазылар алқасының шешімен I орынды МБТ 20/1 тобы, II орын МКБ 21/9 тобы, III орын МДТ 21/9, МТБ 18/9 топтары жеңіп алса, БА 21/1 тобы, «Көркем үйлесімді жұмыс» ИБ 20/9 тобы, «Әсем орындалған жұмыс» МБТ 18/ 9 тобы, «Ерекше талғамды жұмыс» МКБ 19/9 тобы, «Түстер сиқыры» МДТ 21/1 тобы, «Шығармашылық көзқарас және бірегей шешім» номинацияларымен марапатталды. Барлық сайыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.
