Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді

БІЛІМ

2021 жылдың 23 қараша күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде
«Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді»
тақырыбында күзгі өнім түрлерінен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Көрмеге оқу орнының 1-2 курстарында оқитын 16 топ қатысып, берекелі күздің таңғажайып тартуларын жұртшылыққа ұсынды. Жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа, өнертапқыштыққа баулу мақсатында өткізілген көрмеде «Бас жүлдені» МБТ 20-1 тобы жеңіп алса, І орынды МКБ 21-9 тобы, ІІ орынды МДТ 21-9 тобы, ІІІ орынды ХБ 20-9, МДТ 21-9 топтары еншіледі.
Көрме колледждің әлеуметтік-педагогы Ж.Балқыбекованың ұйымдастыруымен өткізілді.