Тіл-достықтың алтын көпірі

БІЛІМ

      Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  2021 жылдың  1 қараша күні Тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл –қазақтың байлығы, тіл-ұлттың жаны» атты онкүндік аясында орыс тілі пәнінің оқытушылары Әшірова Салтанат Тұрсынбекқызы мен Аблаева Жазира Аманқұлқызының «Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында өнеге сағатын өткізді. Іс шара барысында студенттер ғұлама ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдени қарым-қатынастарын сахналық қойлымдар арқылы көрсетті.