Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 4-қараша күні Тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл –қазақтың байлығы, тіл-ұлттың жаны» тақырыбындағы онкүндік аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай «Даланың дара ұстазы» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешті қазақ тілі пәнінің оқытушылары Қалбаева Гүлпатша Әбдісапарханқызы мен Есалиева Алия Оскенбаевналар өткізді.
Мақсаты: Ұлы ағартушының білім беру саласындағы еңбектерін насихаттап, түсіндіре отырып, жастарды оқуға,парасаттылыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, елін, жерін, жұртын сүюге, тарихи тұлғаны құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу
Кеште, Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен қазақ сахарасында ағарту ісін жолға қоюда, әртүрлі санаттағы мектептер ашуда кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан дала қоңырауы болып,1864 жылы мектеп ашқандығы жөнінде видеороликтерден үзінділер көрсетілді және студенттер «Кел балалар, оқылық», «Өнер, білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» , «Өсиет өлең», «Өзен» атты өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.