Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 1 қараша күні Тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл –қазақтың байлығы, тіл-ұлттың жаны» атты онкүндік аясында орыс тілі пәнінің оқытушылары Омаршаева Лаззат Ракимбековна мен Абдиманапова Акмарал Шариповна «Язык –живая душа народа» атты сайыс сабағын өткізді.
Өскелең ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу,қызыл тілдің құдіреттілігін, халықтың рухани кәусар бұлағы-көркем сөздің қуатын түсіндіру және білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыру мақсатында өткізілген сайыс сабаққа орыс тіліне деген қызығушылығы жоғары студенттер қатысты
Сайыс өз деңгейінде өтіп, мықты студенттер күш сынасты. Нәтижесінде ең мықты «Патриот» тобы алға шығып, жеңімпаз болды