2021 жылдың 30 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіндегі еріктілер тобының жетекшісі Д. Абишеваның ұйымдастыруымен Казақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аяасында дәстүрлі «Жас келсе іске» акциясы өтті. Акция барысында «1- қазан Халықаралық қарттар күніне» орай қаладағы жалғызілікті қарияларды құттықтап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайрымдылық көмек көрсету. Сол арқылы жастарды қайырымдылық жасауға, үлкенге сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Шара барысында студент жастар қарияларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
