Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Талапкер – 2021» қабылдау комиссиясы

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

2021-2022 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына талапкерлерді қабылдау тәртібіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістердің бірі – талапкерлердің таңдауы бойынша мемлекеттік тапсырыстың оқу орындарына берілуі. «Ақша студентпен бірге жүреді» принципімен қабылдау механизмі колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыра отырып, материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған, еңбек нарығының дамуына үлес қосатын білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын колледждерді анықтайды.
Тағы бір жаңалық – оқуға қабылдауда автоматтандырылған ақпараттық жүйенің енгізілуі. Талапкер арнайы ақпараттық жүйеге онлайн құжат тапсырған кезде 4 колледжге және 4 мамандыққа дейін таңдау жасай алады. Арнайы ақпараттық жүйеде жүргізілетін онлайн конкурс кезінде бірінші таңдаған колледжі мен мамандығына басымдық беріледі.
Талапкер емтихан тапсырмайды, яғни қабылдағанда талапкердің аттестатының бағалары есепке алынады, міндетті және мамандыққа сай бейіндік пәндердің бағаларының орта балы есептеледі. Ал, педагогикалық, медициналық және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарда арнайы және шығармашылық емтихандардың, психометриялық тестілеудің, әңгімелесудің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі.
Осы енгізілген жаңа жүйе – оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың орын алу қаупінің алдын алу және оны мүлдем болдырмау мақсатында жүргізіліп отыр.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі жоғарыда көрсетілген қабылдау ережелері бойынша «Smartnation» платформасы арқылы қабылдау жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда оқу орнымызға 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт», 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 орынға 2-3 талапкерлерден өтініштер түсуде.


    Войти с
    Комментариев: 0
    Сначала новые