2021 жыл 4 маусым күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде жоспарға сай «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Кештің мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
