2021 жылдың 28 мамыр күні Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Өнер» бөлімінің 1 курс студенттерінің қатысуымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді.Студенттер Қазақстандағы қуғын –сүргін саясаты, 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессиялау салдары, ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры, сол зұлматты жылдардың ауыртпалығы, ұлтымызға жасалған үлкен соққы, тарихымыздың ақтаңдақтары және тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен танысты. Танымдық сағат барысында тақырыпқа байланысты баяндама, монологтар оқылды. Видеоролик көрсетілді.
