Izgilikti qogam

ІС-ШАРАЛАР

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Izgilikti qogam» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алуға және жастар арасында орын алуы ықтимал кез-келген келеңсіздіктерге жол бермеуге бағытталған шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Умирзакова Марал Мұханқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының м.у.а Құрманбек Рысмаханов қатысты.
Бір мезетте онлайн және офлайн форматында өткен басқосу барысында жастар мен психолог мамандар арасында еркін диалог құрылып, сұрақтар қойылды. Ой-пікірлер тыңдалды. Семинар тренингтің соңында белсенді қатысқан қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.