Салауатты өмір салты-ұраным, сен де қосыл, қалыс қалма, ұланым.

СПОРТТЫҚ ІС ШАРАЛАР

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  дене тәрбиесі кафедрасының  «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Салауатты өмір салты-ұраным, сен де қосыл, қалыс қалма, ұланым» тақырыбында  студенттер арасында көңілді эстафета өтті.

Мақсаты: Студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.