Хош келдің,әз Наурыз

ІС-ШАРАЛАР

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжі облыс  аумағында Наурыз мерекесін атап өтудің онкүндік  жоспарына сәйкес 20 наурыз күні “Даналық және білім күні” аясында “Хош келдің,әз Наурыз” тақырыбында тағылымдық сазды бағдарлама өтті. Мерекелік шарада әр кафедра ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, қадір-қасиетіне тоқталды.