WorldSkills Turkestan – 2020» облыстық чемпионаты
2020ж маусым айының 16-18 күндері аралығында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «WorldSkills Turkestan – 2020» облыстық чемпионаты болып өтті.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі «Киім дизайны және модельдеу», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш сыныптарды оқыту», «WEB дизайн», «Графикалық дизайн» құзіреттіліктері бойынша қатысты.
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Абдрашева Ақерке Алтынбекқызы, жетекшісі Жүсіпбекова Мөлдір Убайдуллақызы жүлделі 3 орынға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша Оспан Жансая Абатқызы, жетекшісі Апбазова Зейнеп Ергешқызы «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Хайрулла Абдусамат Базарбайұлы, жетекшісі Бекенова Жазира Мұқтарқызы ерекше медальонға ие болды