Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты бөлімдер арасында спорттық сайыс өтті. Спорттық сайыстың мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау; денсаулықтың кепілі-спорт екенін ұғындыру.
Спорт адамның рухани әлемі үшін де,яғни оқытушылардың өз ісіне деген құлшынысын арттыру үшін де маңызды.Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі –спорт. Колледж оқытушылары осы мақсатта төрт командаға бөлініп «Көңілді эстафета» спорттық сайысына қатысты. Жеті шарт бойынша өтілген бұл сайыста бас жүлдені «Филология» бөлімі иеленді.