Әр сөзі қазынадай, Ұлы ақын-абыз Абай
Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы адамзаттық сананы жаңғырту
“Адамгершілік-рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде” Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі өткізген “Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау” бойынша пилоттық жобаны іске асыратын колледж студенттері арасында республикалық ғылыми-практикалық семинарға Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Мамеш Ақмарал Бурибойқызы.
“Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы адамзаттық сананы жаңғырту” тақырыбында баяндама оқыды.
Ғылыми жетекшісі: Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Ертай Мадина Мырзантайқызы




Үздік оқытушы-2020
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Үздік оқытушы-2020” байқауы онлайн форматында өтті
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:
– Оқытушылардың кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
– Оқытушылардың әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату;
– Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
– Ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу.
– Педагог қызметкерлердің мәртебесі мен қызмет әрекетінің маңызын кеңінен насихаттау;
– Кәсіби педагогикалық шығармашылықты ынталандыру;
– Оқу сапасын арттыру, білім алушының оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатын көрсете алатын педагогтердің озық тәжірибесін тарату
Байқау 3 кезеңде өткізілді:
1-кезең: Өзін өзі таныстыр; (қара сөз, әнмен т.с.с жанды дауыста 3 минут)
Көңіл күйдің сан қырлы сырлары
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Білім жүйесі: ізденістер, игі істер” тақырыбындағы әдістемелік он күндік аясында “Көңіл күйдің сан қырлы сырлары” тақырыбында психологиялық-треннинг өтті





Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2020 жылдың 28 қазан күні ZOOM бағдарламасында «Әр сөзі қазынадай, Ұлы ақын-абыз Абай» атты облыстық онлайн ғылыми- танымдық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны, жазушы,ағартушы, философ, реалист ақын, гуманист ақын, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай рухани мұрасын білім ғылымға ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпаққа насихаттау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру. Конференцияға Түркістан облысының ТжКБ бөлімінің оқытушылары қатысты.
Конференция үш секция бойынша жүргізілді.
1.Абай мұрасын зерттеу және ХХ1 ғасырдың тіл білімі
2.Абай мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті дәстүр сабақтастығы және руханияты
3.Абай тағылымы-адами құндылықтар өлшемі
Түркістан облылысының адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталықтың ТЖКБ бөлімінің басшысы Н.Жунисова конференцияны ашып берді. Құттықтау сөзді колледж директордың уақытша міндетін атқарушы Аташов С.Қ. сөйледі. Конференцияны Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі З.Қ.Қожаев жүргізді.




Білім жүйесі: ізденістер, игі істер
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Білім жүйесі: ізденістер, игі істер” тақырыбында онлайн ғылыми-педагогикалық оқу өтті.
Мақсаты: Оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Оқу-тәрбие процесінде оқыту технологияларын пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру. Озат іс-тәжірибені тарату арқылы жас мамандарға кәсіби бағдар беру