Іс-шаралар

ЕРЛІК ЕЛГЕ – МҰРА , ҰРПАҚҚА – АМАНАТ


Биыл екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы кең түрде атап өтіліп жатқаны , санаулы ғана қалған соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп жатқаны, жас ұрпаққа ерлігін дәріптеп жатқаны белгілі. Осы мақсаттағы тағылымды іс- шара «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – аманат» тақырыбымен оқу орнымызда да болып өтті.
Іс- шарада соғыс тақырыбындағы жырлар, әндер орындалып, сахналық қойылымдар көрсетілді. Көріністе дарынды жастар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Дулат Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» шығармасынының «Қара кемпір» таңдамалысынан үзінді бейнесін сомдап, өр рухын паш етті. Осы арқылы жас ұрпақ бұл Жеңістің оңай келмегеніне көз жеткізіп, ерліктері елге мұра боп қалғанын сезінді.
Жеңіс жолы – ерлік жолы. Сол ерлік адам шығынымен, батырлар қайсарлығымен келгенін ұмытпайық.


Алғысым шексіз – Жер АНА!» тақырыбында 2025 жылдың 28-ші ақпанында мазмұнды іс –шара ұйымдастырылды.


Айжамал Ермаханқызы Қоңырбаева – нағыз еңбек адамы!

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында сенбілік


«Жыр сұңқары Жұмекен» тақырыбында әдеби- лирикалық сағат


Ғаламтор мен компьютерлік ойындарға тәуелділік: заманауи мәселе және оны шешу жолдары


ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ЖАЛПЫҒА МІНДЕТ


«Нашақорлық – қоғам дерті»


Еңбек адамы- ел байлығы.


Тазалық-саулық кепілі.


“Сәттілік жолы” челленджі

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты парыз

Жастық шақ адам баласына білім алып, арманына қанат қағуға, ата- ана мен ұстаздардар арқылы бақытына бағыт алып, тағылым алуына берілген. Алайда кейінгі кезде отбасы, мектеп тәрбиесіне бағынбай, әлеуметтік желідегі көргенін өмірде қайталап, құқық бұзушылыққа жол беріп жүрген жасөспірімдеріміз өкінішті болса да кездеседі. Жастардың арасындағы әлімжеттілік, суицид, ерте жүктілік сияқты қоғам дерті саналатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жетісай ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратура қызметкерлері, білім мекемелері тарапынан түсінік жұмыстары жүргізілсе де, азаймай тұрғаны – тәрбиенің маңыздылығына ата- ана, ұстаздар және бүкіл қоғам болып бірлікте жұмыс жасау қажеттілігін алға тартып отыр.

2025 жылдың 29 қаңтарында Түркістан облысы жергілікті полиция департаменті бастығының ЖПҚ орынбасары полиция полковнигі Өсербаев Ермек Әліпбекұлы Жетісай ауданына жасаған сапарында біздің оқу орны студенттері және ұстаздарымен , ата- аналарымен кездесуінде жасалған түйін жоғарыдағы ойымызға негіз болды. Кездесу басында жастар тәрбиесіне қатысты видеоролик көрсетілді. Ата- аналар тәрбиедегі кемшіліктердің алдын алу жөніндегі ұсыныстарын ортаға салып, жастарға ақыл- кеңестерін айтты. Жауапты лауазым иесі ұсыныстарды өзіне жазып алып, жергілікті полиция бөлімі қызметкерлеріне жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларын берді.

Кездесуді директор орынбасары С. Аташов жүргізіп отырды.


Ұлттық фильм – ұлылығымыздың  көрсеткіші  

Түркістан облысы Білім басқармасы әдістемелік кеңесінің тапсырмасы бойынша  2025 жылдың 24 қаңтарында «Ұлттық фильм» айлығы деп жарияланып, барлық білім беру мекемелеріне қазақ тіліндегі  тарихи фильмді насихаттау жұмысы жолға қойылған болатын. Аталған айлықтың мақсаты білім алушыларға қазақ киносы арқылы тарихын, ұлттық салт- дәстүрін , тілін құрметтейтін отаншыл ұрпақ қалыптастыру.

 Осы мақсатта біздің колледжде студенттерге “Томирис”, “Бауыржан Момышұлы”  фильмдерін және “Ахмет. Ұлт ұстазы” атты телесериал көрсетіліп, соңы фильмнен алған әсер, ондағы қазақ тарихы мен  тәуелсіз мемлекет болу жолындағы көрнекті тарихи тұлғалардың сіңірген еңбектері талқыланды. Осы арқылы студенттеріміз тарихқа терең бойлап, ұлттық тіліміз бен мәдениетімізге құрметін арттыра түсті.


Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің алдын алу

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында.

Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді. Ерте жүктіліктің салдары тек жасөспірімнің денсаулығына ғана емес, оның психологиялық күйіне, білім алуына және болашақ өміріне де әсер етеді. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін отбасы мен колледж тарапынан дұрыс тәрбие мен қолдау қажет. Осындай мәселелелердің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21 қаңтар күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 125 студент қатысты.


Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев  профилактикалық түсіндіру жұмыстары

    2025 жылдың 14-қаңтар күні  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің  І курс студенттерімен    Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев  профилактикалық  түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.  Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық пен әлімжеттік,  адамның қадір-қасиетіне тиіспеу жөнінде айтып, әрбір құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін түсіндірді.


“Жыл белсенділері – 2024”

Қуанышты.жаңалық !

 2024 жыл қорытындысы бойынша  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттері Әділханов Дархан Сәкенұлы   оқу үлгерімі мен қоғамдық белсенділігі үшін  «Үздік студент» және Нурмурод  Жансезім Улугбекқызы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы белсенділігі мен қайырымдылық іс-шараларға қосқан үлесі үшін «Үздік ерікті жас» атанып , аудан әкімі С. Мамытовтың  марапатына ие болды.

  Жастар – елдің ертеңі , қоғамдық өмірдің қозғаушы күші. Олар жетістігімен айналасына үлгі болып, келешегінен мол үміт күттіреді .  Дархан мен Жансезім оқуда үздік, тәрбиеде өнегелі жастар.

Дархан Сакенұлы облыстық ” WordSkils 2024″ чемпионатының ” Веб технология”  құзыреттілігі бойынша “Алтын медаль” иеленіп,  қараша айында өткен республикалық чемпионатта  белсенділігімен танылды.

Ел мақтанышына айналған студенттерімізді үздік аталымымен құттықтап,  бұдан да жоғары жетістікке жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

Жарайсыңдар, Дархан, Жансезім!


Жаңа жыл – ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын ең керемет, ең сүйікті мереке.

Жаңа жыл- өткен жылға қорытынды жасап, жаңа арман, жаңа үмітпен келер жылға қадам басатын ерекше уақыт! Жаңа жыл – ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын ең керемет, ең сүйікті мереке.

Балалар асыға күтетін тамаша мереке қарсаңында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж қызметкерлерінің балалары үшін жарқын шоу-бағдарлама мен жаңа жылдық сыйлықтар дайындалды.

Мерекені колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Баймаханова Ләззат Алғибайқызы құттықтау сөзімен ашып, жаңа жылдық тілегін білдірді. Мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру пәнінің оқытушысы Нұржамал Шынтилеуованың жетекшілігімен Жетісай балалар театрының әртістері балалармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасап, мол қуаныш сыйлады. Мерекенің басты қонақтары – Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар ән айтып, би биледі. Жаңа жылдық шырша мен мерекелік декорация аясында ертегі кейіпкерлерімен бірге естелік фотосуреттер түсірілді.




“Тәуелсіздіктің дара жолы” атты кездесу

Тәуелсіздік – әрбір халықтың басты құндылықтарының бірі, өзінің еркіндігі мен дербестігін айқындайтын мәртебе. Бүгінде Қазақстан – болашаққа нық қадам басқан, тұрақты даму жолындағы мемлекет. Тәуелсіздікті сақтау – барша қазақ елінің қасиетті борышы.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалык колледжінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қатысушыларымен “Тәуелсіздіктің дара жолы” атты кездесу өтті.

Бүгінгі таңда ұзтаздық жолында жүрген-Бадакова Арманай Турынбекқызы,Еденов Бақыт Мауленович,Нуралиева Ләззат Қайытбековналар кездесу барысында Желтоқсан көтерілісі кезінде басынан өткен естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Келген қонақтардың құрметіне әсем ән мен тәтті күй тарту етілді.

Тағлымға толы кездесу барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрескерлер халық жадында мәңгі сақталады.


«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары

Табиғат тазалығы – ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Қоршаған ортада тазалықты сақтау, табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында оқу орнымызда «Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ерікті түрде қатысушы оқытушылар мен студенттер саны күн санап көбеюде. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай,қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік!


«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» тақырыбында Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 18-желтоқсан күні «Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» тақырыбында Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге кездесу өткізілді.

Кездесуге Жетісай АПБ бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Оспанов Сержан Ассаурбекович, Жетісай ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Байменов Ерғали Усербаевич қатысты.

Келген қонақтар жастар арасында әлімжеттікке, қатігездікке жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау жақтарын айтып, құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – ортақ мақсат екендігін түсіндірді.

Қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға, жеке адамға қауіптілігі туралы видеоролик көрсетіліп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты ашық сұхбат жүргізілді. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер полиция қызметкерлері тарапынан толыққанды жауабын алды.


«Білегі мықтының жүрегі мықты» тақырыбында қолкүрес және гіртасын көтеруден студенттер арасында жарыс

«Дене тәрбиесі» кафедрасының онкүндігі аясында 7-қараша күні «Білегі мықтының жүрегі мықты» тақырыбында қолкүрес және гіртасын көтеруден студенттер арасында жарыс өтті. Қолкүрес және гіртасын көтеру спорт түрлері студенттердің дене күшін, төзімділігін және физикалық дайындығын жетілдіруге бағытталады.

Мақсаты:

– жарыс арқылы студенттерге бәсекелестік пен жеңіске деген ұмтылысты арттыру, өзара құрмет пен әділ ойын принциптерін сақтауға үйрету;

– студенттердің өздерінің ішкі күшін, психологиялық тұрақтылығын, жеңіске жетуге деген жігерін арттыру.

Жарыс нәтижесі бойынша:

Қолкүрес 60 кг салмақта:

І орын иегері ЕТ 23-3 тобының студенті Тұяқ Бекбол.

ІІ орын иегері ДШБ 23-9 тобының студенті Сағатбай Сұлтанхан.

ІІІ орын иегері ИБ 24-9/2 тобының студенті Тұрсынбай Рыскелді

Қолкүрес 70 кг салмақта:

І орын иегері ЕТ 23-9/3 тобының студенті Туяқ Бекбол

ІІ орын иегері ДШБ 23-9 тобының студенті Сағатбай Сұлтанхан

ІІІ орын иегері ИБ 24-9/2 тобының студенті Тұрсынбай Рыскелді

Қол күрес 80кг + салмақта:

І орын ИБ 24-9/1 тобының студенті Жақсыбай Ернұр

ІІ орын иегері ДШБ 23-9 тобының студенті Намазбай Азамат

ІІІ орын иегері ЕТ 24-1 тобының студенті Утеген Мейрамбек


«Ойна да, ойлан» тақырыбында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс

«Дене тәрбиесі» кафедрасының онкүндігі аясында 6-қараша күні «Ойна да, ойлан» тақырыбында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс өтті.

Мақсаты:

– тоғызқұмалақ ойынының ережелерін меңгерген және ойынды жақсы ойнайтын қатысушыларды анықтау, олардың шеберліктерін шыңдау;

– қатысушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытып, шеберліктерін арттыру;

– қазақ халқының дәстүрлі ойынын дәріптеу және насихаттау;

Жарыс қортындысы бойынша:

І орынды ДШБ 22-1 тобының студенті Ақберген Бексұлтан Асылбекұлы, ІІ орынды ДШБ 22-9 тобының студенті Жұмабек Жақсылық Нұрланұлы, ІІІ орын ДШБ 22-9 тобының студенті Жамалов Нұрасыл Орынбайұлы иеленді.


«Көңілді эстафета» студенттер арасында көңілді эстафеталық ойындар

«Дене тәрбиесі» кафедрасының онкүндігі аясында 4-қараша күні «Көңілді эстафета» студенттер арасында көңілді эстафеталық ойындар өтті.

Мақсаты:

– тәрбиеленушілердің денсаулығын, белсенділіктерін нығайту;

– спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

– салауатты өмір салтын насихаттау.

Эстафеталық ойындар студенттердің көңіл-күйін көтеріп, демалуына және жағымды эмоциялар алуға көмектеседі. Студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады. Түрлі физикалық белсенділікті қамтиды және студенттердің дене шынықтыру деңгейін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Эстафеталық ойындар нәтижесі бойынша:

І орынды «Бағдарламалау» бөлімінің «Қырандар» командасы, ІІ орын «Педогогика» бөлімінің «Сұңқар» командасы, ІІІ орын «Информатика» «Байтерек» командасы иеленді.


«Менің елім-Қазақстан» тақырыбында патриоттық ән фестивалі

Республика күні- еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символы. Бұл күн –ұлттық рухты көтеретін мереке. Осындай ұлы мерекенің құрметіне оқу орнымызда «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында патриоттық ән фестивалі өтті. Ән фестивалінің шымылдығын «Дизайн және өнер» кафедрасы оқытушыларынан құралған «Таңшолпан» фольклорлық-этнографиялық ансамблі күмбірлеген күймен ашты. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жетібаева Нұрхал Бөріханқызы іс-шараға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, Республика күніне орай өткізілген колледжішілік, аудандық іс-шараларға белсене қатысқан студент жастарды марапаттады. Кештің ажарын ашқан өнерлі жастар ән салып, «Аққу» халықтық би ансамблінің бишілері биден шашу шашты. Мерекелік тілегіміз – еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Әнұранымыз шарықтап, Елтаңбамыз жарқырап, Көк туымыз көгілдір аспанда мәңгі желбіреп жанымызға қуат бере берсін!


«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» тақырыбында Тоғызқұмалақ, Қол күрес, Арқан тарту ойындарынан жарыс

Халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін насихаттауда ұлттық ойындардың маңызы зор. Студенттер арасында ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 18-қазан күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінде 25-қазан Республика күніне орай «Дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» тақырыбында Тоғызқұмалақ, Қол күрес, Арқан тарту ойындарынан жарыс өткізілді. Жарысқа ауданымыздың әжелер кеңесінің төрайымы Мауленова Рашида және Қоңырбаева Айжамал апаларымыз келіп, ашылу салтанатында студенттерге сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер Кубок және Алғыс хаттармен марапатталды:

Тоғызқұмалақ ойынында

1-орын ДШБ-22-9 тобының студенті Жұмабек Жақсылық Нұрланұлы,

2-орын РБ-24-1- тобының студенті Кучарова Муниса Аскарбайқызы,

3-орын ДШБ-22-9 студенті Жамалов Нұрасыл Орынбайұлы.

Қол күрес

60 келі салмақта

1-орын ЕТ 23-9/4 тобының студенті Жайлаубай Нұрасыл Сәкенұлы.

2-орын БҚҚ 22-9/2 тобының студенті Алимов Құрбанали Шомурадұлы.

3-орын БҚҚ 24-1 тобының студенті Асалев Комронбек Шавкаджжонұлы.

70 келі салмақта

1-орын ИБ 24-1 тобының студенті Жақсыбай Елнұр Дүйсенбекұлы.

2-орын ДШБ 24-9/1 тобының сутденті Жандарбек Әлмухамед Бейсенханұлы.

3-орын ЕТ 24-2 тобының студенті Утеген Мейірбек Рисбекұлы.

80 келі салмақта

1-орын ДШБ 23-9 тобының сутденті Намазбай Азамат Дәулетбекұлы.

2-орын БҚҚ 24-1 тобының студенті Ачилов Махмуд Рахматуллаұлы.

3-орын БҚҚ 24-9/2 тобының студенті Нұртас Мақсат Бекболатұлы.

Арқан тарту бойынша

1-орын ДШБ-23-9 тобы

2-орын ДШБ-23-1 тобы

3-орын ЕТ-24-2 тобы


Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Перден Ұлмекеннің қатысуымен семинар

Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, халқымыздың салт- дәстүрі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын бойына жинақтаған, ақылына көркі сай парасатты қыз баланы тәрбиелеу мақсатында оқу орнымызда Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Перден Ұлмекеннің қатысуымен семинар өтті. Семинар барысында әдептілік, сыпайылық ережелері айтылып, қыздарға жат қылықтар туралы түсінік берілді. Қыз тәрбиесі және қыздар арасында кездесетін қателіктер туралы бейнематериал көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өз кезегінде студент қыздар өмірдегі жағдаяттар туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ашық сұхбат жүргізілді.


«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру

Бүгінгі таңда құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. Заңдар мен құқықтық норомаларды оқып-үйрену арқылы біз өз құқықтарымызды қорғап, әділдікке қол жеткізе аламыз.

2024 жылдың 18- қазан күні «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» тақырыбында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу.

Жастармен кездесуге келген “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” облыстық филиалының төрағасы Б.Сансызбайұлы, Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ә.Әмір, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Э. Абенова қатысып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, адамгершілік пен жанашырлық, сыйластыққа бағытталған мазмұнды әңгімелер айтты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ақпараттық үнпарақтар таратылды.


Ел боламын деген мемлекет ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өйткені ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінің діңгегі. Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыта отырып, лудомания, буллинг, кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтандыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Жетісай АПБ бастығы полиция полковнигі А.Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары С. Примбеков, аудан прокурорының орынбасары Р.Ерназаров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Жетісай аудандық бөлімінің жедел уәкілі А.Тұрсынбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жұмабаев, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Р.Мауленова қатысты.

Келген қонақтар жастар арасында әлімжеттікке, қатігездікке жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау жақтарын айтып, әрбір құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін түсіндірді. Жастарға қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға, жеке адамға қауіптілігі туралы видеоролик көрсетіліп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты ашық сұхбат жүргізілді.


АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу, одан сақтану жолдары жайында түсіндіру жұмыстары

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін түсіндіру, қоғамда ғасыр дертіне айналып белең алып тұрған індеттің алдын алу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылары мен студенттері арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясын анықтауға арналған тестілеу өткізілді. Шараны ұйымдастырушы Жетісай аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы К.Е.Жантуреева және СПИД орталығының дәрігер мамандары АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу, одан сақтану жолдары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты.


«Сүт безінің аурулары» тақырыбында кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 10-қазан күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы К.Е.Жантуреева және колледж медбикесі А.Акимованың ұйымдастыруымен «Сүт безінің аурулары» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Жетісай аудандық орталық емханасының онколог дәрігері А.Шералиев қатысып, сүт безі обырының алдын алу, аурудың белгілері, сақтық шаралары , жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтудің маңыздылығы жайында жиынға қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Дәрігер мамандар оқытушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күйзеліске берілмеу және жеке бас гигиенасын ұстау жайында келелі кеңестер берді.


«Ұстазым менің, ұстазым»

Алтын таңның арайы боп шашыраған,

Ұстаз деген күн келбетті асыл адам.

Берген білім, үйреткен өнегесі-

Таусылмас мол қазынам осы маған,- деп әріптесіміз Сержан Құлдырақұлы жырлағандай «Ұстаз» деген сөз адамзат үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.

Ұлттың ұлы мұраты жолында еңбек етіп келе жатқан ұстаздар мерекесіне арналған сазды бағдарлама Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыбында өтті. Мерекелік шара таңертең ұстаздарды ән әуенімен, гүл шоқтарымен қызыл кілем үстінде құрметпен күтіп алудан басталды. Кәсіби мерекеде колледж директоры п.ғ. к. Л. А. Баймаханова құттықтау сөз сөйлеп, колледж ұстаздарына облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ ұйымының, колледж әкімшілігінің және Жетісай ауданы әкімінің «Алғыс хаттарын» табыстады. Педагогикалық ұжымды құттықтай келген Жетісай ауданы «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Мейірбек Нұршариффиддин, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығының» директоры, оқу орнымыздың түлегі Ақбаян Жакыпова жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік нұрының шуағына бөлене беріңіздер деген ақ тілектерін білдірді.

Мерекелік іс-шара соңы сазды бағдарламаға ұласты.


1- қазан – халқаралық қарттар күні

Қарттар – қазынамыз.

Даналықтың бастау, ұлылықтың биік өлшемі болған олар біздің өміріміздегі адастырмас, жарық бағдаршамы, ақыл – ойдың таусылмас кені. “Кімнің қазыналы қарты болса, жазулы тұрған хатпен тең” деп дана халқымыз өте керемет айтқан. Оларды құрметтеу, даналығын, үйрену, қажет болса қамқорлық көрсету- жастардың басты парызы.

Осы мақсатты ту еткен Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары, оқу орнындағы жастар ісінің инспекторы Д. Абишеваның басшылығымен 1- қазан – халқаралық қарттар күніне орай Жетісай қаласында тұратын қазыналы қарт кісілердің шаңырағында болып, өмірлік ұлағатын тыңдап, үй- іші шаруаларына қолғабыс жасап қайтты. “Ата сыйласаң, алдыңа келеді” деген. Өз кезегінде дана қарт кісілеріміз жастардың қайрымды істеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді. “Баталы ұл арымас” демекші, жастарымыз үлкендеріміздің батасын алса, болашақтарының баянды болатыны, хақ.


«Эмоционалды интеллект: жеке даму жолдары» тақырыбында педагог-психолог Ә.Е.Қалыбай психологиялық-тренинг

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Педагогика, психология және жаратылыстану» кафедрасының «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы біртұтас тәрбие жүйесін қалыптастыру: Жаңа білім беру парадигмалары» атты тақырыбында ұйымдастырылған онкүндік аясында «Эмоционалды интеллект: жеке даму жолдары» тақырыбында педагог-психолог Ә.Е.Қалыбай психологиялық-тренинг өтті.

Мақсаты:

– жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу;

– өзін еркін сезінуге көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бойына дарыту, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.

Тренинг барысында жасанды интеллектті пайдалану арқылы «QAZ MATH» программасымен қатысушылар 2-топқа бөлінді. “Сәлемдесу”, “Мұнара тұрғызу”, “Ашулы шарлар”, “Сезіміңді бейнеле”, “Сурет салу арқылы мінез-құлықты анықтау”, “Майшам” жаттығулары ұйымдастырылды.


“Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында аудандық форум

Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есірткі заттарына тәуелді болған бір адамның зауалы бүкіл отбасына, қоршаған ортасына теріс әсер етеді. Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, оларды денсаулығын сақтауға бағыттау мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі және Мақтарал АПБ қызметкерлері “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында аудандық форум ұйымдастырды. Іс-шара барысында Қ.Жандарбеков атындағы драма театры әртістері дайындаған тақырыпқа байланысты қойылым көрсетілді.


“Жастар және жауапкершілік” тақырыбында кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Жастар және жауапкершілік” тақырыбында кездесу өтті. Жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания,буллинг және кибербуллингтің алдын алу, жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына бағытталған кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Б.С.Омаров, Жетісай АПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Б.Қ. Абдурахманов,

Жетісай ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Е.Базарбекұлы, Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев қатысты. Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан лудомания және компьютерлік алаяқтықтан сақтану жайында видеороликтер көрсетілді. Зиянды әдеттерге еліктеудің, тәуелділіктің зардабы туралы, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде студенттер өз ойларын айтып, еркін пікір алмасты.


Ел боламын деген мемлекет ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өйткені ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінің діңгегі. Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыта отырып, лудомания, буллинг, кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтандыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Жетісай АПБ бастығы полиция полковнигі А.Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары С.Примбеков, аудан прокурорының орынбасары Р.Ерназаров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Жетісай аудандық бөлімінің жедел уәкілі А.Тұрсынбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жұмабаев, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Р.Мауленова қатысты.

Келген қонақтар жастар арасында әлімжеттікке, қатігездікке жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау жақтарын айтып, әрбір құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін түсіндірді. Жастарға қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға, жеке адамға қауіптілігі туралы видеоролик көрсетіліп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты ашық сұхбат жүргізілді.

#Біртұтас_тәрбие


Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс

2024 жылдың 2-қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде барлық топтарда «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Бұл шара жастарды еңбекқорлық пен патриотизмге ұмтылдыра отырып, рухани құндылықтарды қалаптастыруға бағытталды. Кураторлық сағаттарда жауапкершілік, өзара сыйластық туралы видеороликтер талқыланды. Студент жастар адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – адал еңбек етіп, адал табыс табу екендігін ұғынып, адалдық үстемдік еткен жерде биік белестерді бағындыратындарына сенімді болды.


1- қазан – халқаралық қарттар күні

Қарттар – қазынамыз.
Даналықтың бастау, ұлылықтың биік өлшемі болған олар біздің өміріміздегі адастырмас, жарық бағдаршамы, ақыл – ойдың таусылмас кені. “Кімнің қазыналы қарты болса, жазулы тұрған хатпен тең” деп дана халқымыз өте керемет айтқан. Оларды құрметтеу, даналығын, үйрену, қажет болса қамқорлық көрсету- жастардың басты парызы.
Осы мақсатты ту еткен Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары, оқу орнындағы жастар ісінің инспекторы Д. Абишеваның басшылығымен 1- қазан – халқаралық қарттар күніне орай Жетісай қаласында тұратын қазыналы қарт кісілердің шаңырағында болып, өмірлік ұлағатын тыңдап, үй- іші шаруаларына қолғабыс жасап қайтты. “Ата сыйласаң, алдыңа келеді” деген. Өз кезегінде дана қарт кісілеріміз жастардың қайрымды істеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді. “Баталы ұл арымас” демекші, жастарымыз үлкендеріміздің батасын алса, болашақтарының баянды болатыны, хақ.


«Менің жетістігім- менің нәтижем» тақырыбында дебат турнирі

Еңбек күні – еңбек адамдарын және олардың экономика мен қоғамның дамуына қосқан үлесін мойындайтын, кез келген еңбекті құрметтеп, бағалауға шақыратын мереке. Еңбек күніне орай 25.09.2024 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Менің жетістігім- менің нәтижем» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығын арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру мақсатындағы дебатқа «Дарын», «Парасат», «Көшбасшы», «Зерде» фракциялары қатысып, ойын АПФ форматында өтті. Төрешілер алқасының құрамында қатысқан 4 дүркін облыстық және республикалық дебат чемпиондары 4-курс студенті Қауыс Әбдіғаппар мен 3-курс студенті Оңалова Балнұр әділ бағаларын берді. Пікірсайыс барысында өз дәрежесінде ойын көрсеткені үшін фракциялар алғыс хатпен және заттай сыйлықтармен марапатталды.



Жемқорлықсыз қоғам – ұлттың жарқын келешегі

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 18.09.2024 ж. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І-ІІ курс студенттерімен «Жемқорлықсыз қоғам – ұлттың жарқын келешегі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы семинар-тренинг барысында адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дамыту бағытындағы тренингтер,ойын-жаттығулары ұйымдастырылды. Іс –шара барысында студент жастар ұлттық құндылықтар, жасампаздық пен жаңашылдық жайындағы көзқарастарын , ұсыныс-пікірлерін айтты. Қорытындылай келе, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға белсенділік танытамыз, – деп сенім білдірді


Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 наурыздағы ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында берілген тапсырмасына сәйкес «Жаңартылған Біртұтас тәрбие» бағдарламасын ұсынды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын оқу-тәрбие процесіне енгізу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымымен семинар өткізілді. Семинар барысында 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің құндылықтар жүйесі және оны жүзеге асыру тетіктері туралы айтылды. Білім беру мазмұны мен тәрбие сағаттары және әлеуметтік жобалар, іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу жолдары презентацияда көрсетілді. Оқу-тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру бойынша педагогтар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы

2024 – 2025 жаңа оқу жылының алғашқы күндері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында

I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушыларға оқу орнының студенттерге арналған ішкі тәртіп ережесін түсіндіру. Жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, буллинг, кибербуллинг, лудомания әрекеттерінің алдын алу. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева студенттердің құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Ғ.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.


Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу

Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған әлеуметтік маңызды және өзекті міндеттердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Әрбір заңды бұзған жасөспірім- елдің болашақ дамуының кем тұсы болып табылады. 2024-2025 оқу жылының басталуымен қатар оқу орнымыздың табалдырығын биыл аттаған І курс студенттерімен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Қажыгелді Әнуарбек, АПБ-нің инспекторы, полиция аға лейтенанты Насирбаев Нұрдәулет, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Нұршарифиддин Мейірбек, орталық инспекторы Әмір Әбдісалам, психолог Жазира Қайратқызы қатысып, жасөспірімдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында интернет-алаяқтық, қорқыту, есірткі қылмысы, буллинг, кибербуллинг, лудомания және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында келген қонақтар ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтарды бойына сіңіріп, дамытушы жастарға сәттілік тіледі.



«Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында кураторлық сағат

2024 жылдың 2-қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде барлық топтарда «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Бұл шара жастарды еңбекқорлық пен патриотизмге ұмтылдыра отырып, рухани құндылықтарды қалаптастыруға бағытталды. Кураторлық сағаттарда жауапкершілік, өзара сыйластық туралы видеороликтер талқыланды. Студент жастар адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – адал еңбек етіп, адал табыс табу екендігін ұғынып, адалдық үстемдік еткен жерде биік белестерді бағындыратындарына сенімді болды.


«Таза сессия» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Шоқан Уалиханов. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Таза сессия» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты, І курс студенттері арасында «Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Акция барысында адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді.


«Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Шоқан Уалиханов

Жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиетті, ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік сезімді дамыта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың 24 мамыр күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттері арасында «Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Студенттер әділетті Қазақстанның болашағын, әсем табиғатын өз қиялдары арқылы қағаз бетіне түсірді. Жұмысты талапқа сай, мазмұнды орындаған студенттер жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларымызға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Өнерлерің өрге жүзсің, әділетті Қазақстанның жастары!


«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2024 жылдың 23 мамыр күні

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалдық және таза сессия» науқаны аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге «Таза сессия» науқаны туралы және сыбайластықтың жауапкершілігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық үшін Заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы бейнеролик көрсетіліп, адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді. Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.


«Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу

Бүгiнгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Мемлекеттің болашағы біздің жас ұрпақ, яғни, саналы жастарымыз. Қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Бақдәулет Сұлтанұлы, АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Насирбаев Нұрдәулет, Жетісай ауданы “Жастар ресурстық орталығы”КММ -нің басшы орынбасары Тілеуберді Шоханұлы және жастар орталығының мамандары студенттерге құқық бұзушылық, буллинг және кибербуллинг, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткі тұтынудан сақтандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


«7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік», «Бейбіт күн жасасын елімде» тақырыптарында тәрбие сағат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді. Біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз» деп, азаматтық борышын адал өтеп жатқан барлық әскерилерге айрықша сенім артқан еді. Сенім жүгін арқалаған, еліміздің тыныштығы мен тірлігінің сақшыларын үлгі ете отырып, жастардың отансүйгіштік рухын көтеру мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық-колледжінде «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік», «Бейбіт күн жасасын елімде» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. «Ізгілік елшілері» еріктілер клубының мүшелері ардагер қарияларды мерекемен құттықтап, шаруларына көмектесіп, батасын алып қайтты.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің еріктілер тобы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында еңбек ардагері Көшкенбаева Ғалия Ахметқызының шаңырағында болып, шаруаларына қолғабыс жасады.

Апталықтың басты мақсаты: қаладағы жалғызілікті кісілердің ауласын тазалау және абаттандыру жұмыстарына көмектесу болатын. Оқу орнымыздың жалынды жастары апталықтың мақсатына сай еңбек ардагерінің ауласын тазалап, абаттандыру жұмысын жүргізді. Осы арқылы өнегелі ұрпақ бойында болуға тиіс қайырымдылық қасиеттерін паш етті. Өз кезегінде Ғалия Ахметқызы да жастарға алғысын айтып, болашақтарына бақыт тіледі, батасын берді сұхбат барысында өмірлік тәжірбиесінен өнегелі әңгімелер айтып, студенттеріміздің бойына жақсы қасиеттерді дарыта білді. Аға буын мен жас ұрпақ арасындағы осындай рухани – адамгершілік байланыстар келешегімізді жарқын ете түседі.


«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес

Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға құқы жоқ.

2024 жылдың 30-сәуір күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық –техникалық колледжінің «Информатика» және «Есептеу техникасы» бөлімдерінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес өтті. Жаңа форматтағы шараның басты мақсаты: жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті іс-әрекеттің, ерте жүктіліктің алдын алу.

Семинар-кеңестің алғы сөзінде колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Баймаханова Ләззат Алғибайқызы ата-аналарды оқу орнымыздың алдына қойған мақсаты мен міндеті және оқу корпустары мен жатақханаларда студенттердің игілігі үшін жасалып жатқан жағдайлар туралы хабардар етті. Оқытушылар мен студенттердің тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері видеоролик арқылы көрсетілді.

Психолог маманның «Балаңыздың жан сырын білесіз бе?» , «Ата-ана жауапкершілігі неде?» тақырыптарында жүргізген тренингтері, аутодеструктивті іс-әрекеттің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша көрсетілген видеороликтер ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділі мен жауапкершілігін арттыра түсті.

Нәтижесінде, семинар-кеңеске қатысушы ата-аналар баламен дос-сырлас болу, көңіл-күйін бөлісу,үнемі қолдау көрсету, оның өмірінде маңызды рөл атқаратыны туралы ой түйіндеп, ұстаздар қауымына ризашылығын білдірді.


“Есірткімен күрес -ел ертеңі үшін қажет “ тақырыбында кездесу

Қазіргі қоғамда жастар арасында белең алып тұрған дерттің бірі – есірткі тұтыну. Есірткінің адам өміріне, қоғамға әкелетін зардабы жайлы түсінiк беру, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту, жасөспірімдер арасында жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 3 – сәуір күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Есірткімен күрес -ел ертеңі үшін қажет “ тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қатысқан Жетісай орталық ауруханасының нарколог дәрігері С. Дінтаева есірткі тұтынудың зардабын, адам өмiрiне қауiптiлiгiн түсiндiрдi.

Жетісай қалалық емханасының дәрігері гинеколог Н. Алиева “Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар және алдын алу” тақырыбында баяндама жасады. Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіліп, студент жастар өз пікірлерiмен бөлісті. Қосымша мағлұмат алу үшін қатысушыларға брошюралар таратылды.


«Дүниежүзілік туберкулезбен күрес» күніне орай студенттермен кездесу

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде медбике А.Акимова, психолог А. Қалыбайдың ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес» күніне орай студенттермен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері Б.Қ. Құралбаев, Жетісай аудандық СЭББ бас маманы Ө. Нұртазаев қатысты. Студент жастарға туберкулез ауруы туралы және оның алдын алу, емдеу жайында бейнеролик көрсетіліп, брошюралар таратылды. Студенттер сұрақ қою арқылы салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасы тазалығын сақтаудың және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы мағлұматтар алды.


«Бақ-берекем, құт-мерекем-Әз-Наурыз!» атты сазды бағдарлама

Наурыз – Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының тереңінен бастау алады. Ол-қазақ халқының өмірін бейнелеу, жоғары рухтың, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт-дәстүрлердің өзегі. Биыл Қазақстан Республикасының Президенті көктемнің және жаңа жылдың басталуын бейнелейтін ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекені атап өтудің жаңа форматын ұсынды. Қазақстандықтар наурызды он күн бойы – 14 – 23 наурыз аралығында тойлайды. Онкүндік «Наурызнама» деп аталды.

Оқу орнымызда өткен «Бақ-берекем, құт-мерекем-Әз-Наурыз!» атты сазды бағдарламада әр кафедра ұлтымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, сахналастырылған қойылым көрсетті. Сахналық қойылымдар Қыдыр Атаның бата беруімен басталды. Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандитаты Баймаханова Ләззат Алғибайқызы Ұлыстың ұлы мерекесімен көпшілікті құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мереке қарсаңында кафедралар арасында өткен «Көшбасшы кафедра-2024» байқауының нәтижесін жариялап, жеңімпаз кафедраларды марапаттады.

Ұлттық нақышта киінген өнерпаздар Наурыз жайлы ән шырқап, би биледі. Бір – бірімен жалғасқан, композициялық бірізділікті сақтаған сазды бағдарлама ұлттық мейрамымыздың сән салтанаты мен мазмұнын толық ашып, көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлады.


Ұлттық спорт күні

Қазақтың Ұлттық ойындарда ұлтымыздың дүниетанымы, рухы, философиясы көрініс тапқан. Ұлттық ойындарымызды насихаттау ұлттық рухпен табысу деген сөз. Наурыз мейрамын атап өту онкүндігінің “Ұлттық спорт күнінде” Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінде студенттер арасында ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күресінен жарыс болып өтті. Әр спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Спорт жарыстары өте тартысты өткенімен, мейрам көркін қыздырып, көтеріңкі көңіл- күйде өтті. Жарысқа қатысушы спортшылардан бөлек, көрермендер де ұлттық мейрамның аясында ұлттық рухымен табысып, мәре- сәре болып жатты. Осы жағымды көріністердің өзі атау беріліп, атап өтіліп жатқан күннің мазмұнын ашып тұрды.


«Ардақты ана, асыл жар, әсем ару»

Әйел-еліміздегі бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы. 8-наурызды халықаралық әйелдер күні ретінде белгілеудің өзі адамзат баласының нәзік жандыларға деген шексіз құрметін көрсетеді.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде бұл атаулы мереке ерекше атап өтілді. Ерлер қауымы таңертең ұстаз-ана, қыз-келіншектерді гүл шоқтарымен қарсы алды. «Ардақты ана, асыл жар, әсем ару» тақырыбымен өткен сазды-бағдарламада өлең-жыр, ән мен биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиында ұстаз-аналарымыз түрлі деңгейдегі «Алғыс хат», «Диплом», «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Жиын соңында оқу орнының біріккен кәсіподақ ұйымы атынан атаулы мереке иелеріне сыйлықтар табыс етілді.


“Мен мамандығыма адал боламын” тақырыбында эссе жазу

“МЕН МАМАНДЫҒЫМА АДАЛ БОЛАМЫН” ЭССЕ ЖАЗУ

1.03.2024. Түркістан облысының білім басқармасы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №28-1-3/550-11 хатына сәйкес жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, адамгершілік пен адалдықты дамыту мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 1- курс студенттері арасында “Мен мамандығыма адал боламын” тақырыбында эссе жазу бірыңғай сағаты өтті.

Эссе жазу барысында студенттер болашақта өз мамандықтарының иесі ретінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, Отанға адал қызмет ету және дәріптеу туралы жазды.


«Алғыс айту – парызым» тақырыбында мазмұнды іс –шара

Ғ.Мұратбаева атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 1 – наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» тақырыбында мазмұнды іс –шара болып өтті. Алғыс айту күніне арналаған іс –шара бимен ашылып, жүргізушілердің айтулы күннің мәнін ашқан сөзіне ұласты. Алғыс айту күні – қиын – қыстау кезінде қазақ жерінен пана, халқынан мейірім көрген өзге ұлт өкілдерінің алғыс сезімін білдіретін күні. Осы орайда, оқу орнында оқып жатқан өзге этнос өкілдері, өлең оқып жырдан шашу шашып, қазақ халқына деген ақ жарма тілектерін білдірді. Құттықтау сөз алған колледждің директоры, п.ғ.к. Баймаханова Ләззат Алғибайқызы айтулы күннің мазмұнын ашып, барша ұстаздар мен қызметкерлерге, өзге этнос өкілдеріне өз алғысын білдірді. Алғыс айту – адамның ең бір қадірлі қасиеті десек, айтулы күннің ырғағында әуелеген ән, тербелген би алғыс сезіміне бөленген жандардың шексіз қуанышын паш етіп тұрды.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» аптасы

Әсемдікті сезіну-адамгершілік қасиеттің шарты. Эстетикалық сезім — жақсылықтың, адамгершіліктің негізі. Тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады. Осындай ұстаныммен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» аптасында Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж студенттері арасында суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Табиғаттың әдемі көріністерін қылқалам арқылы қағаз бетіне түсірген қатысушылардың жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.


«Жас сарбаз» әскери патриоттық клуб мүшелері белсене қатысып, саптық жүріс және патриоттық ән айтты.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылы 15 ақпан күні кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ауған соғыс ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ниятулла Алтынбеков және бір топ осы ұйымның ардагерлері қатысып, кезек-кезек сөз алып басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп студенттерге патриоттық тәрбие отанды қорғау ,отан алдындағы парызға адал болу мәселелері кең тарқата сөз етілді. Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына да жауап берді.

Кездесуге алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушысы П.Сексенбаевтың жетекшілігіндегі «Жас сарбаз» әскери патриоттық клуб мүшелері белсене қатысып, саптық жүріс және патриоттық ән айтты.

Кездесуге қатысқан барша студенттер ауған соғысының тарихы себептері мен зардаптарынан кең мағлұматтар алып «соғыс болмауын» тілеп тарқасты.


“Қауіпсіз жол” “Сіздің жолаушыңыз – бала” тақырыбында кездесу-жиналыс

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылы 19 ақпан күні ЖПҚ ЮПТ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Насирбоев Нұрдаулеттің қатысуымен “Қауіпсіз жол” “Сіздің жолаушыңыз – бала” тақырыбында кездесу-жиналыс ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жол ережесін бұзбауға және өмір қауіпсіздігіне үйрету. Н.Насирбоев студенттерге жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол ережесін қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен семинар

2024 жылдың ақпан айында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен семинар өтті. Семинарға Жетісай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Сапархан Думан Мырзамуратұлы, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық-қорғау академиясының IV курс курсанты Жаппар Ерқожа Өмірзақұлы қатысты. Семинарды өткізудегі мақсат төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, айналасындағыларға жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгерту. Адамның өмірі мен денсаулығына, яғни өрттен сақтану, алдын алу туралы мәселелер айтылды. Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетілді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді.


«Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыздармен кездесу

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде

2024 жыл ақпан айының алғашқы аптасында «Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыздармен кездесу өтті. Кездесуде Жетісай қалалық емханасының акушер – гинеколог дәрігері Н.Алиева жасөспірімдерде гигиеналық және репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды айтты. Өтпелі жастағы қыз балалар денесінде болатын анатомиялық-физиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілудің негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады. Дене гигиенасы, аяқ киім және киім гигиенасы, тамақтану гигиенасы бойынша, кеңес беру, олардың репродуктивті денсаулығына немқұрайлы қарау кезінде туындайтын проблемалар (қалаусыз жүктілік, түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), контрацепция туралы жалпы мәліметтер берді.

Ерте жүктіліктің адам өміріне зияны, қауіптілігі жайында видеоролик көрсетіліп, қыздардың қойған сұрақтарына жауап берді.


«Дін және мәдениет» тақырыбы аясында дөңгелек үстел

26 қаңтар күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Жетісай аудандық мәдениет үйінің жастармен жұмыс бөлімі қызметкерлерімен бірге «Дін және мәдениет» тақырыбы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты, жастарға дініміз бен ұлттық мәдениетіміз туралы терең түсінік бере отырып, кереғар діни ағымдар, оның түрлері мен себептері жайында мағлұматтарды бойына сіңіру.

Іс-шара барысында Жетісай ауданының бас имамы Айдарбек Садықов және орталық «Нұғман» мешітінің найб имамы Болат Әбділкәрім, Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшы орынбасары Әйтешов Әзберген арнайы қатысып, жастарға адамгершілік, мейірімділік, инабаттылық және ата-ананы құрметтеу туралы өнегелі сөздерін кеңінен насихаттап, белсенді жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.


«Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» тақырыбында мерекелік – сазды бағдарлама

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ел Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арнап 2023 жылдың 14-желтоқсан күні

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» тақырыбында мерекелік – сазды бағдарлама ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен «Армысың, 21 – ғасыр» ораториясы (компазиция) күйі орындалып,

хореография мамандығы студенттерінің «Ақ пен қара айқасы» қойылымы бимен өрнектелді.

Тәуелсіздік атты қасиетті де,құдіретті ұғымның тұңғиындағы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты видеороликтер арқылы көрсетілді.

Студент – жастардың шығармашылығымен қатар, тәуелсіздік тақырыбындағы жырлар оқылып, рухты әндер шырқалды.

Мерекелік бағдарлама барысында колледж оқытушыларының еңбегі еленіп, алғыс хатпен марапатталды.


«Құқықтық тәртіп профилактикалық іс-шаралары»тақырыбында түсіндіру жұмыстары

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-қоғам алдындағы басты міндет.

Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау екендігін, Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіру мақсатында Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен «Құқықтық тәртіп профилактикалық іс-шаралары»тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында студент-жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып,өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


Cтуденттер арасында футбол және волейболдан колледжішілік жарыс

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15 қараша күні студенттер арасында футбол және волейболдан колледжішілік жарыс болып өтті.

Жарысты ұйымдастырушы оқытушылар: Аббос Турсунов пен Бейсенбек Нұрымбетов.

Жарыстың мақсаты: студенттер арасында салауатты өмірді қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жарыс тартысты жағдайда өтіп, оқу орнында ішкі бәсекелестіктің жоғары екенін танытты.

Жарыс қорытындысында спорттық футбол түрі бойынша:

І-орын ДШБ 22-9

ІІ-орын БА 21-9

ІІІ-орын БҚҚ 22-9/2

«Үздік қақпашы» Жұматай Еркебұлан ДШБ 22-9

«Үздік шабуылшы» Айдархан Али ДШБ 22-9

Волейбол түрі бойынша:

І-орын «Педагогика» бөлімі

ІІ-орын «Филология» бөлімі

ІІІ-орын «Педагогика 2» командасы

«Үздік ойыншы» Маханбет Адемі МБТ 22-9/1

«Үздік ойыншы» Өсербай Айнұр МБТ 22-9/1

«Үздік қорғаушы» Худайназарова Хилола МБТ 22-9/1

«Үздік қорғаушы» Шадманова Шахзода МБТ 22-9/1

Жалпы топтық марапаттауларға қоса үздік өнер көрсеткен студенттерге жекелеген аталымдар бойынша марапатталды. Колледжшілік жарыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.


17- қараша- халықаралық студенттер күніне орай «Жалындаған студенттік шақ » атты мерекелік сазды бағдарлама

Студенттер күні аталып өтті!

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 17- қараша- халықаралық студенттер күніне орай « Жалындаған студенттік шақ » атты мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды.

Сазды бағдарлама жалынды жастардың студенттік өмірінің қызықты сәттерінен көрініс көрсетуімен басталып, жастар өмірі жайлы жалынды жырлар оқумен жалғасты.

Алғашқы құттықтау сөз алған директордың міндетін атқарушы

С. Аташов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетібаевалар студенттік өмірдің қызықты сәттер, мүмкіндіктері, қайталанбас тағылымдары жайлы айта келіп, оқу орнында үздік оқитын, қоғамдық жұмыстар мен түрлі шараларға белсене қатысатын студенттерді « Алғыс хатпен » марапаттады.

Студенттер күніне арналған іс-шара әсем ән, көңілді би, тапқыр әзілдерге ұласып, жастардың көңілін шалқыта түсті. Әрбір студент жастық шақтың берілген мүмкіндік, ерлік жасауға, білім алуға, дос табуға таптырмас алтын уақыт екенін ұғына түсіп, қырандай шабыт көгінде қалықтап бара жатты.


«Студенттер парламенті»

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, дербестігіне, өзін – өзі дамыту қабілетіне жәрдемдесу, колледждегі басқару ісіне студенттердің қатысуын және өз құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында « Студенттер парламенті» құрылып, сайлауға түскен кандидаттар арасынан парламент президенттігіне «Сандық техника» мамандығының студенті Бегмұрат Ақнұр сайланды. Өзін – өзі басқару – әр жастың жүрегіндегі отаншылдық сезімін дамытып, елге қызмет етуге жол ашады. Сайланған студенттер колледждегі студент жастардың белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік – қоғамдық өмірде өздерін көрсетуге мол мүмкіндік беретініне сеніміміз зор.


«Әнім сенсің, Туған жер – 2023» патриоттық ән байқауы

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 25- қазан Респулбика күніне орай дәстүрлі «Әнім сенсің, Туған жер – 2023» патриоттық ән байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты – биылғы оқу орны табалдырығын аттаған I-курс студенттері арасынан талантты жастарды анықтау, олардың өнерін насихаттау. Байқауға оқу орнының түрлі мамандықтарында оқитын 10 үміткер өнерпаз қатысты. Байқау шартына байланысты конкурс қатысушылары екі ән орындады. Алғашқы кезекте байқауға қатысушылар отаншылдық тақырыптағы ән орындаса, екінші әні еркін тақырыптағы әнмен өрілді. Тартысқа толы өткен байқау қорытындысында Бас жүлдені – Құдайберген Исламбек Арыстанұлы, I орынды – Болегенов Азамат Рустамұлы, II орынды – Бейсенбай Аяулым Ақбердіқызы, III орындарды – Құралов Жанболат Арапбайұлы, Тасболат Нұрсұлу Жанболатқызы еншіледі. Байқауда ерекше өнерімен көзге түскен Болегенов Азамат Рустамұлы «Ерекше дауыс», Нурмурод Гүлсезім Ұлықбекқызы «Көрермен көзаймы», Боранова Мөлдір Сапарбекқызы «Жақсы өнер көрсеткені үшін, Тәжимурод Ақнұр Абылайханқызы «Үздік орындаушы», Қалқаман Жасмин Бектемірқызы «Көркем орындаушы», Тәліп Нұрсәуле Ерболатқызы «Талантты әнші» , Құдайберген Исламбек Арыстанұлы «Дарынды әнші» номинацияларымен марапатталды. Байқау қатысушылары шырқаған әндер тыңдармандар жүрегіне отаншылдық сезімін дарытып, айтулы мерекенің маңызын арттыра түсті.


” Отаным – бақыт мекенім ” атты суретшілер байқауы

25 қазан- Республика күніне орай Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 1-3 курс студенттері арасында ” Отаным – бақыт мекенім ” атты суретшілер байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып, тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеру, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, шығармашылық ізденісін дамыту. Студенттердің шығармашылық жұмысында Отанымыздың әсем, көрікті жерлері, көздің жауын алар ғимараттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленді.

Байқау нәтижесінде I орынды «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті З.Мәмәділла , II орынды «Есептеу техникасы» мамандығының студенті Б.Ильяс , III орынды «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті А.Мұсырманқұлова иеленді.


«Әнұран айту» челленджі

Республика күні- еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символы. Бұл күн – ұлттық рухты көтеретін мереке. 25-қазан Республика күніне орай 23.10.2023жылы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Әнұран айту» челленджі ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен челлендж қатысушыларға ерекше рух сыйлады.


«Әнұраным айбыным» тақырыбында әнұранды жаппай орындау шарасы

Республика күні Қазақстанның жаңа тарихына еліміздің басты мерекелерінің бірі ретінде бекітілді. Бұл күн- елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.

25 қазан – Республика күні мерекесіне арналған апталық іс-шара жоспарына сай Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Әнұраным айбыным» тақырыбында әнұранды жаппай орындау шарасы өтті. Мерекелік шараға «Педагогика», «Филология», «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімдерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.


1 курс студенттерінің ата-аналарымен 18-20 қазан аралығында жиналыс

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.

Ата-аналармен байланысты нығайту, бірлесіп нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттерінің ата-аналарымен 18-20 қазан аралығында жиналыс өткізу жоспарланды.

18-қазан «Дене тәрбиесі және спорт» ,19-қазан «Бағдарламалау», «Математика және информатика» бөлімдерінде өткен жиналыста жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі, колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтау мәселелері қаралды. Ата-аналар өз тарапынын ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар комитетінің, әкелер және аналар мектебінің құрамы сайланып, жалпы дауыспен бекітілді.


«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және синтетикалық заттарды пайдаланбау, нашақорлықтан аулақ болу” тақырыбында студент жастармен кездесу

Жаңа Қазақстанға қадам басқан шақта қоғамда саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Сол міндетті іске асыруда жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу өте маңызды. Осы орайда 2023 жылдың 17-қазан күні «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және синтетикалық заттарды пайдаланбау, нашақорлықтан аулақ болу” тақырыбында студент жастармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры М.Қадырқұлов, Жетісай АПБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры М.Абибуллаев, Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбоев қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айтылды.Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты.


Дублёр күні

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде «Дублёр күні» өтті. Студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін ашу және ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында студенттік парламент мүшелерінен алынған жас дублёрлар бір-біріне қол ұшын бере отырып, ұстаздарымен бірге нәтижелі жұмыс жасады.

Осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы жас ұрпақтың болашаққа нық сеніммен қадам басуына ықпал етеді.


«Ұстазыма мың алғыс» челленджі


1- қазан Халықаралық қарттар күні

2023жылдың 27 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі жастар ұйымының инспекторы  Д. Абишева, педагог – психологы Ә. Қалыбай студенттердің өзін – өзі басқару ұйымының мүшелерімен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай қаладағы жалғыз басты қариялардың үйіне барып, аула жұмыстарына қолғабыс жасап, ақ батасын алып қайтты. Қарттарға қамқорлық жасау – біздің адамгершілік парызымыз.Жастарды қайырымдылық жасауға, үлкенге сый – құрмет көрсетуге тәрбиелеу, қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сонымен қатар өнерлі жастар қадірменді қарияларымыздың көңілін көтеріп , концерттік бағдарлама ұсынды. Атаулы күнге орайластырылған бұл іс – шара «Жастар ресурстық орталығымен» біргелікте іске асырылды. Жастар ресурстық орталығының басшысы, мәслихат депутаты А. Сұлтанмұратовпен бірге студент жастарымыз қарттарға көмектесіп қана қоймай, үлкендердің әңгімесін тыңдап ақыл – кеңестерін алды. Ол өз кезегінде қарияларға азық – түлік табыстап, қажетті мұқтаждықтарына көмектесіп тұруға уәде берді.


«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты


«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңдіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шарада адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адал ұрпақ қалыптастыру жөнінде директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Э. Нұржаева, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары С. Аташев, жастар ұйымының инспекторы Д. Абишева және студенттердің парламент мүшелері өз ойларын ортаға салып, маман болып қалыптасуда адалдықтың айрықша рөлін атап өтті. Іс-шара барысында адалдық тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Адалдық сағаты студенттердің адалдық жайлы пікіралысу сөздерімен қорытындыланды. Олардың әрбір сөздерінен қоғамға, келешекке деген сенім,мемлекетіміздің жарқын болашағы байқалып тұрды. Біз де адал ұрпақ дамыған, әділетті Қазақстанды қалыптастыратынына сеніміміз беки түсті.


Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-қоғам алдындағы басты міндет. Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау екендігін, Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын, сонымен қатар, студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2023 жылдың 21-26 қыркүйек аралығында Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында студент-жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып,өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


Бір үйдің баласындай

Арманы бір,мақсаты бір,ізгі достарыңмен қуанышты бір адамдай бөлісетін қимас достықтың куәсі – студенттік кезең. Студенттік өмірдің қыры мен сырын таныстыру, жаңа өмірге бағыттау, жаңа орта, жаңа достармен жақын таныстыру мақсатында 2023жылдың 20-қыркүйегінде № 1,2 жатақхана тұрғындарымен «Бір үйдің баласындай» тақырыбында танысу кеші өтті.

Студенттер көңілді кеште өз өнерлерін ортаға салды. Жоғарғы курс студенттерімен қатар I курстың студенттері де ән айтып,би билеуден өз шеберліктерін көрсетті.

Достық пен адалдық, Отанды сүю тақырыптарында өлең-жырлар оқылды. Осы кеште жастар студенттік өмірдің қызықты кезеңің сезінді.


Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде “Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз” тақырыбында бірыңғай академиялық адалдық сағаты ұйымдастарылды. Адалдық сағатын ұйымдастырудағы мақсат жемқорлық мемлекет пен қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін түсіндіру. Жиынға қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Аштархан Нұрхан Алмасұлы қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет. Сондықтан, қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Студент жастарға бейнеролик көрсетіліп, сұрақ – жауаппен жалғасын тапты.«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Әмір Әбдісалам қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға жастарды шақырды.


Біз есірткіге қарсымыз

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2023 жылдың 12 қыркүйек күні Жетісай ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірге “Біз есірткіге қарсымыз” тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жастарды жаман әдеттерден сақтандыру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту. Салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау. Семинар- кездесуге қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Аштархан Нұрхан Алмасұлы жастар арасындағы белең алған нашақорлық мәселесін алға тартып, мұндай жат нәрседен аулақ болуға шақырды. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі құралдарын тарату ұсынылған жағдайда әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ есірткі құралдарын өткізу және тұтыну үшін жауапкершілік шаралары туралы айтты. Қатысушылар жастарды жаңа Қазақстанның салауатты ұрпағы болуға шақырды.


Дене сергіту челленджі

Студент жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру мақсатында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дене сергіту» челленджі өтті. Челленджге 340 студент қатысты. Дене жаттығуы – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшық ет топтары қамтылады. Сондықтан, студент жастарды күнделікті дене сергіту жаттығуын жасауға шақырамы


Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы

2023 – 2024 жаңа оқу жылының алғашқы күндері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесін, студенттердің міндеттері мен құқықтарын түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі үлес қосып жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.


ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Әрбір адам иммунитетін жіті бақылап, денсаулығына көп көңіл бөлгені дұрыс. Осы орайда, 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай қаласы ЖИТС орталығының дәрігері эпидемиологы И.Т. Жақсылықов, Жетісай аудандық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының меңгерушісі К. Жантөреева, колледж медбикелері А. Акимова, Г. Ботабекова және колледж психологы Ә. Қалыбай қатысты. Студент жастарға тақырыпқа сай ЖИТС-тың алдын алу, сақтану жайындағы бейне роликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. Салауатты өмір салтын ұстану жолдары түсіндірілді. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.


“Әділетті Қазақстан : сапалы білім , адал ұрпақ , табысты ұлт”

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінде 1-қыркүйек – білім күніне, 30 тамыз конституция күніне орай “Әділетті Қазақстан : сапалы білім , адал ұрпақ , табысты ұлт” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті

Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні және белгілері

Елімізде этникалық, мәдени және діни әр алуандылыққа  қарамастан халықтар арасындағы өзара қарым- қатынастардың ерекше дәстүрі қалыптасқан.  Мемлекетімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің  ынтымақ пен бірлікте өмір сүруі кейінгі ұрпаққа баға жетпес үлгі.

  Жастар – еліміздің  болашағын  қамтамасыз етуші  күш, сондықтан,  жастардың діни сауатылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі.

 2023 жылд 16 мамыр күні «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні және белгілері» тақырыбында студент жастармен кездесу жиыны өтті.  Кездесуге Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ директоры  Жаңабай Сағыныш Асқарұлы,  Ұлытау облысы «Діндерді зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Рақымбердиев Жанболат Серікұлы,  Түркістан  облыстық дін істері   басқармасының маманы Әсілбек Жандос Манарбекұлы , Жетісай аудандық  Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әбілдаев Бекарыс   Бейсенбайұлы қатысты. Теолог мамандар тақырыпқа байланысты баяандама жасады. Кездесу соңы сұрақ – жауапқа ұласты.  Қоғамдағы өзекті мәселе төңірегінде сұхбаттасып, пайдалы кеңес берген қонақтарға жастар өз ризашылықтарын  білдірді.


Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті  және Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшыларының Түркістан облысы жалпы орта мектептерініің 10 сынып және арнайы оқу орындарының жасөспірімдерімен оқу- жаттығу – далалық жиынын және қыздармен медико  санитарлық дайындықты 2023 жылы өткізу  мен  ұйымдастыру туралы 05.04.2023 жылғы № 113 бірлескен бұйрығына сай  оқу орнымызда 28.04. – 04.05. аралығында 5 күндік оқу – жаттығу далалық жиыны жүріп жатыр. Студенттердің практикалық дағдылары мен біліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу – үйренуге қызығушылықтарын арттыру, әр түрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін меңгеру мақсатындағы жиынға I курс студенттері белсенді қатысуда.


Ұлттар достығы-өнеге, халықтар ынтымағы – үлгі

    1 мамыр – Қазақстан  халықтарының бірлігі күні. Бұл күн – Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Мереке қарсаңында  ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген  сый-құрметін  арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ  құндылықтарды насихаттайтын  іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жастарды  ұлтаралық  достық  пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында оқу орнымызда «Ұлттар достығы-өнеге, халықтар ынтымағы – үлгі» тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Жетісай аудандық «Қоғамдық келісім» МКҚМ басшысы Мырзамұратов Данияр Жасанұлы, Жетісай аудандық  тәжік этно-мәдени  бірлестігінің  төрағасы  Турсунов Халим қатысты.

 Келген қонақтар жастарға этно-мәдени бірлестіктерінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы әңгімеледі. Өзге ұлт өкілдерінен студент жастар мемлекеттік тілде өлеңдер оқып, құттықтауларын жеткізді. Кездесу соңында елімізде мекендеген  әр ұлт өкілдері жастарының бақытты өмірінен видеоролик көрсетілді.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, әлімжеттік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Оқу орнының іс жоспарына сай  кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, әлімжеттік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында  студент жастармен кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Н.Насирбаев, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі, аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары К.С.Өмірбай, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы қоғамдық келісім мекемесінің Жетісай аудандық филиалының маманы  М.Айдарбек,  Жастар ресурстық орталығының қызметкері А.Әмір мен психологы А.Айдаровалар қатысып, жастарға өздерінің үлгі өнеге болатын әңгімелерін айтты. Жиын барысында әр тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетіліп, жастар өз ойларын ортаға салды, ұсыныс пікірлерін айтты.

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды

Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2022 жылдың 15 – желтоқсанында «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыбында мерекелік – сазды бағдарлама өткізілді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін педагогикалық қызметте жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды. Еліміздің тәуелсіздік алғалы 31 жыл ішінде жеткен жетістіктерін насихаттау, жастардың отаншылдық рухын көтеру мақсатындағы іс – шарада студент – жастардың шығармашылығымен қатар, тәуелсіздік тақырыбындағы отты жырлар оқылды, рухты әндер шырқалды.


Жаса мәңгі, азаттықтың ақ таңы

2022 жылдың 12 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жаса мәңгі, азаттықтың ақ таңы» тақырыбында флешмоб өтті. Мерекелік шараға бойларын патриоттық сезім билеген, бейбіт елдің ұландары І курс студент жастары қатысты. Ұлттық рухты көтеретін шарада жалпы саны 150- ден аса студент белсенділік танытты.


Әнім сенсің, Туған жер

08.12.2022 ж.Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай I курс студенттері арасында колледжішілік дәстүрлі «Әнім сенсің, Туған жер! – 2022» патриоттық ән байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу, олардың шығармашылығын насихаттау. Байқау ережесінде көрсетілгендей үміткерлерге фонограмма қолдануға болмайды. Байқау екі шарт бойынша өткізілді:
Бірінші орындалатын ән туған жер, атамекен, туған өлке жайлы
Екінші орындалатын ән еркін тақырыпта. Байқауға тоғыз үміткер қатысты.
Бас жүлде Оралхан Ернұр Омарханұлы «Өнер» бөлімі 4S01140201 «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі» мамандығының студенті .
I орын – Қабулов Нұрбек Қайратұлы «Бағдарламалау» бөлімі 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» мамандығының студенті..
II орын- Ергешбай Азамат Тойшыбекұлы «Филология» бөлімі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенті.
III орын-Нұрғалиқызы Жібек «Педагогика» бөлімі 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының студенті.
III орын – Мекембай Саян Ерланұлы «Филология» бөлімі 4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенті.
«Ерекше дауыс» номинациясы-Тұрдалы Сымбат Нұржанқызы «Филология» бөлімі
4S01140602 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенті.
«Көрермен көзаймы» номинациясы-Азизмұхаммед Айткүл Азизмұхаммедқызы Педагогика» бөлімі 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» мамандығының студенті.
«Жақсы өнер көрсеткені үшін» номинациясы – Бөрібай Сандуғаш Салымжанқызы «Бағдарламалау» бөлімі 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» мамандығының студенті.
«Үздік орындаушы» номинациясы – Оңалова Балнұр Әбілдаханқызы «Математика және информатика» бөлімі 07140500 «Сандық техника (түрлері бойынша)» мамандығының студенті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік силықтар тапсырылды.


Президент сайлауы

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коллдеж жастары 2022 жылдың 20 – қарашасында өтетін Президент сайлауына белсене қатысады


Тазалық – саулық негізі

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі жоғары. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды.

Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде Республика күніне орай тәрбие сағаттары өтті. Сонымен қатар «Тазалық – саулық негізі» тақырыбы аясында студенттер сенбілікке шықты.Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен студенттер сенбілік шарасына белсене араласты. Бұл шаралар білім алушылардың өз Отанын сүйюге, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, туған халқының тілін, мәдениетін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болып тәрбиеленуіне септігін тигізеді.


Жатақхана – жанға жайлы тәтті үйің

Қазақстан Республикасының презденті Қ.К. Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйектегі кезекті жолдауында студенттерді жатақханамен қамту оқу орнындарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі толық шешілген, барлық жағдайлар жасалған. Жатақханада студенттердің өмірінің мазмұнын арттырар мәдени, әдеби іс- шаралар өткізіліп тұрады. Сондай іс -шаралардың бірі «Жатақхана – жанға жайлы тәтті үйің» тақырыбында танысу кеші көркем безендіріліп, жатақхана ауласында өткізілді. Кештің мақсаты: жатақхана студенттерінің бір – бірімен танысып, достық сезімді бойларына сіңіру. Достық қарым-қатынастарын сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру. Кеш салтанатында сөз алған колледж директоры, п.ғ.к Л. А. Баймаханова студенттерге мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықтарды айта келіп, студенттік өмірді қызықты өткізулеріне тілектестік білдірді. Көңілді кеште жатақхана өмірінен жыр – шумақтар, асқақ арманға толы әндер, би қойылымдар көрсетіліп, студент жастардың қызығы мол жатақхана өмірінің мазмұнын арттыра түсті. Кеш соңы жалпы биге ұласып, достық көңілмен табысқан студент жастардың көңілі асқақтап тұрды.


Ұлы даланың тірегі – тіл

Елу жеті жылдық тарихы, оқу мен тәрбиеде қалыптасқан өзіндік ұлағатты дәстүрі бар Мырзашөл өңірінде оқу орындарының қара шаңырағы – Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс білім алушылары ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің атасы, Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ұлы даланың тірегі – тіл» тақырыбындағы Түркістан индустриялды құрылыс колледжінің бізге жолдаған челленджін қабыл алып, келесі жыр шеруінің кезегін Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжіне жолдаймыз


Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық » тақырыбында аталып өтті. Мерекелік іс – шараны колледж директоры, п.ғ.к Л. А. Баймаханова ашып, барша ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Келесі кезекте сөз алған ұлағатты ұстаздар мен ата – аналар да ақ көңілден ақ тілектерін ағытып, колледжге деген құрметін танытып жатты. Сазды бағдарламада әсем би мен жүрек тебірентер әндер орындалып, жиынға қатысушыларға жоғарғы көңіл күй сыйлады.


Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмі

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 17.06. 2022 ж. «Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмі» тақырыбында облыстық семинар- трениг өтті. Ұлтаралық ынтымақ пен бірлікті нығайтуға негізделген семинарда ұлттар арасындағы қақтығыстардың пайда болу себепттері және оларды шешу жолдары талқыланып, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Жиынға қатысушылар өз аумақтарындағы ұлтаралық қарым-қатынастар туралы мәселелерді ортаға салды, айтылған мәселерге байланысты қатысушылар ой бөлісті. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Біздің қара шаңырақ Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде бірнеше ұлт өкілдері білім алуда. Өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау, өзара достық пен татулықты сақтауды насихаттау мақсатында облыстық семинар-трениг оқу орнының студент жастары арасында жалғасын тапты. Семинарға қатысушы студенттер әр ұлттың салт-дәстүріне, поэзия әлеміне шолу жасады. Жиын соңында ана тілімізде достық әні шырқалды.


Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 4-маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты –Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық жетістіктерін мақтаныш тұту, қазақстандық патриотизимді қалыптастыра отырып, жастардың мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Сол мақсатты мұрат тұтқан іс-шарада рәміздердің қабылдану тарихы, онда белгіленген ұлттық құндылықтар кең сөз етіліп , сол жайында оқылған өлең жырлар, көріністер, асқақ әндерге ұласты. Мемлекеттік сазды бағдарламаны ұйымдастырған «Шетел тілінен бастауыш білім беру» мамандықтарының бірінші курс студенттері мен барлық қатысушылар бойында отанға деген шексіз махаббат, рәміздерге деген асқан сүйіспеншілік оты алаулап тұрды. Осы көріністердің өзі атаулы күнді атап өту мақсатының орындалғанын көрсетеді. Іс –шараны ұйымдастырған топ жетекшілері Ахметова Гүлсін және Әшекова Жазира.

Елтаңба, Туың, Әнұран-

Тәуелсіздігіме тән белгі.

Тарихтан терең сыр тартып,

Әйгілеп тұр мәңгі елді


Мәңгілік ел- мәңгілік мұра

Колледждің дебат клубы-үш дүркін облыс чемпионы. 2022 жылдың 29 сәуір күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Мәңгілік ел- мәңгілік мұра» тақырыбында өткен облыстық пікір сайыс турнирінде оқу орнымыздың дебат клубы І – орынды жеңіп алып, республикалық турнирге жолдама алды. Түркістан индустриалды – құрылыс колледжі базасында өткен дебат-турнирге облыстағы 16 жалпы білім беретін мектептен және 16 орта арнаулы оқу орындарынан, жалпы саны – 32 пікір сайыс топтары қатысты. Біздің дебат клубымыз барлық бәсекелес топтардан дара шығып, ақтық бәсекеде № 3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінің пікірсайыс командасымен БП- Қазақ жастарының проблемасын көрсетеді тақырыбында сайысқа түсіп, отаншылдық пен елжандылықтың ерен үлгісін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс- Ғ.Мұратбеав атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіндегі дебат клуб мүшелері алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін өткізілген облыстық дебат турнирінде клуб мүшелері лидер-спикер Сексенбай Жансұлу Нұрланқызы мен спикер Қаус Әбдіғаппар Әділханұлы дебат клуб мүшелері екі дүркін жеңімпаз атанған болатын. Кезекті осы жарыста да аталған спикерлеріміз шешендігі мен тапқырлық идеяларымен дараланып, үш дүркін чемпион атанып қана қоймай, облыста теңдессіз дебат клубы екенін тағы да бір дәлелдеп берді. Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын деп А. Байтұрсынов айтқандай, келесі күні колледж оқытушылары мен студенттері жеңімпаз атанған, облыстық үш дүркін чемпиондары Ж.Сексенбай мен Ә. Қаусты, жетекшісі жастар ұйымының инспекторы Д. Абишеваларды салтанатты жағдайда қарсы алып, колледж директоры ,п.ғ.к. Л.А. Баймаханова құттықтау сөз сөйледі. Оқу орнының абыройын биіктеткен дебат клубының мүшелеріне алдағы республикалық жарыстарда биіктен көрінуін тілейміз.


Бейбітшілік – ел тілегі

1-мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты жастарды түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық пен шыдамдылыққа негізделген  достық қарым-қатынасты дамытуға, өзге ұлттың мәдениеті мен өз халқының мәдениетін бағалай және сақтай білуге бағыттау. Іс-шара барысында әр ұлт өкілдері көрермендерге өз өнерлерін тарту етті.

Қыздарға әсемдік жарасады

2022 жылдың  29 – сәуірі күні «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында сырласу кеші өтті. Жастармен сырласа отырып, оларға отбасы қарым – қатынастарының этикасы мен психологиясына қатысты түсініктері мен қабілеттерін, отбасы құндылығын түсінуін, жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру, дамыту көзделді. Кездесуге аудандық «Шаңырақ» клубының жетекшісі Өмірбай  Камира, әжелер және аналар алқасының мүшелері, отбасының берекесі, елдің қамқоры болып жүрген ардақты аналар қатысты. Сырласу кеші жастарға жақсы әсер қалдырды, қызу талқылаулар болды. Оқу орнымыздың жастары қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, ән – бимен шашу шашты.

12 – сәуір – ғылым саласы қызметкерлері күні

Ғ.Мұратбаев атындағы  Жетісай гуманитарлық – техникалық  колледжінде  12 – сәуір  – ғылым саласы қызметкерлері  күніне орай  филология  ылымдарының  кандидаты, «Сырдария» университетінің  Ғалым хатшысы, 2021 жылғы  «Жоғарғы оқу  орнының  Үздік оқытушысы» атағының иегері. Абенова  Ләззат  Усманқызы  және  философия докторы  (PHD), қауымдастырылған  профессор, 2019 жылғы  «Жоғары  оқу орнының  Үздік оқытушысы» атағының  иегері  Абдуразова  Перизат Әділбекқызымен  кездесу өтті.  Жастарды ғылыммен  айналысу жолына  бағыттау мақсатында  ұйымдастырылған жиын қонақтары  ғылым  жолындағы жеткен еңбектері,  жетістіктері  жайлы ой бөлісті. Ләззат Усманқызы  ғылым  жолына түсуіне  ұлы тұлға  Абайға  деген сүйіспеншілік,  оны білуге, тануға  деген  құштарлық  десе,  Перизат Әділбекқызы ғылыми  ізденісінің  түпкі мақсаты – білім саласының дамуына  үлес қосу  екеніні айтты. Өз кезегінде ғылымға құштар студент жастар  ғалым ұстаздарға  сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.

         Кездесу соңында  Ләззат  Усманқызы  өзінің  «Әдебиеттану ғылымына кіріспе»,  «Шығармашылық шеберлік» оқу құралдарын  оқу орнына сыйға тартты. 

Ауғанның асуында от кешкендер

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 14.02.2022 ж Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында  Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған Ауған соғыс ардагерлері Жакияев Арынхожа, Жунисов Амангелді, Претов Оразбек, Сейдуллаев Қуаныш, Жассаков Байзак ағаларымыз Ауған жеріндегі отқа оранған он жылдың қасіретін, тарихта ең қайғылы жылдар болып сақталып, мыңдаған жастардың өміріне балта шапқан кездер жөнінде баяндады. Сондай-ақ, жастар мен ардагерлер сұм соғыс жайлы сұрақ-жауаптарымен пікір алмасты. Оқытушылармен мен студент жастар мерекелік концерт қойып, патриоттық әндер шырқап, іс-шараның әсерлі өтуіне үлестерін қосты. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу – қанымызға сіңген үрдіс. Бүгінгідей ауқымды шаралар арқылы біз әрбір отандасымыздың жүрегіне «Қазақстан» деген қасиетті ұғымды берік ұялатудамыз. Іс- шара соңында  қонақтарды  алғыс хатпен және арнайы сыйлықпен марапатталды.


Бүгінгі заманның құндылығы неде?

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспары негізінде Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі базасында 10.12.2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бүгінгі заманның құндылығы неде?» атты облыстық колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Нәлжігітова Рысалды Оңғарқызы қатысып, пікірсайысқа қатысушы оқу орындарына ойын ережесінің қатаң сақталуын, төрешілердің әділетсіздікке жол бермеуін ескертті. Пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баймаханова Лаззат Алғибайқызының құттықтау сөзінен кейін, сахнада жеребе тарту арқылы командалардың жарыс алаңына шығу реті анықталды.

Турнир нәтижесі бойынша тағайындалған орындар:
І орын – Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжі
ІІ орын – Туркістан медициналық колледжі
ІІІ орын – Түркістан индустриялды-құрылыс колледжі
ІІІ орын – N14 колледжі МКҚК
«Турнир жұлдызы» номинациясы – Түркістан жоғары көпсалалы қол өне колледжі
«Ең үздік спикер» номинациясы- М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжі
«Үздік спикер» номинациясы – N13 колледжі
«Турнир жаңалығы» номинациясы- Мейір-Бейс жоғары колледжі
«Үздік талпыныс» номинациясы- Жетісай жоғары медицина колледжі


Ізгілік елшілері

Түркістан  облысы  Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы  Жетісай гуманитарлық – техникалық  колледжінде 10.02.2022 ж  «Ізгілік елшілері» клуб мүшелерінің  жылдық жоспарына сәйкес  Жетісай аудандық мәслихат депутатары мен кездесу өткізлді.  Кездесудің мақсаты: Жастардың өмір құндылықтарына деген көзқарастарын дамыту, жастар саясатының негізгі мәселелерімен танысу, пікір алысу. Іс-шараға қатысқан  Жетісай аудандық сайлау коммиссияның төрағасы Қ. Темірбеков, хатшысы Д. Сейіткеримова және аудандық мәслихат депутаттары  Ә. Асауов, М.Тәңірбергеновтер Жастардың қоғамдағы  белсенділігін  арттыру жайлы, жастар саясаты мәселерін, Қазақстандағы сайлау өткізу ережелерімен таныстырып, жастарды толғандырған мәселелер төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Кездесу соңында шақырылған қонақтар студент жастардың сұрақтарына жауап берді. 

Өмір мен ойлағаннан да керемет екен

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты    Ғ. Мұратбаев  атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 27 қаңтар    күні  «Өмір мен ойлағаннан да керемет екен» тақырыбында психологиялық сағат өтті. Студент жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға негізделген іс-шараға студенттермен бірге оқытушылар да белсене қатысты. Бітіруші топ және І курс студенттері ынтымақтастық шығармашылық байланыстарын ортаға сала отырып, отбасы құндылықтары, өмір ғажайыптары туралы ой бөлісті. Адами құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара жоғары деңгейде өтті.


Татулық-ел бірлігі

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 24.01.2022ж оқытушылар мен студенттер арасында «Татулық-ел бірлігі» тақырыбында кездесу болып өтті.Жетісай ауданы аумағында қоғамдық-саяси біртұтастықты сақтау, бірлік пен татулықты насихаттау, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік фактілерін, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік пен зиянды әдеттерге әуестікті болдырмау мақсатында өткен басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Айдарбеков Мейрамбек , Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Абдез Рахман, Жетісай АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Салтөреев Азамат, Жетісай қаласындағы “Нұр Алла” мешітінің имамы Нәлібаев Нұрғазы, колледж студенттері оқытушылары қатысты.Жиын барысында Азамат Салтөреев кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде болуларына тыйым салу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігін ескертті. «Бірлік түбі – береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы» – дейді шара қонақтары. Жиын соңында жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу ісінде күш біріктіріп, жұмыла күресуге уағдаласты.


Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт

 Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 29 – желтоқсанында  « Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт» тақырыбында  топаралық жаңа жылдық  қабырға газеттерінің сайысы  болып өтті.  Сайысқа оқу орнындағы барлық оқу топтары белсене катысты. Қазылар алқасының шешімен I орынды МБТ 20/1 тобы, II орын МКБ 21/9 тобы, III орын МДТ 21/9,  МТБ 18/9 топтары жеңіп алса, БА 21/1 тобы,  «Көркем үйлесімді жұмыс» ИБ 20/9 тобы, «Әсем орындалған жұмыс»  МБТ 18/ 9  тобы, «Ерекше талғамды жұмыс» МКБ 19/9 тобы, «Түстер сиқыры»  МДТ  21/1 тобы, «Шығармашылық көзқарас және бірегей шешім» номинацияларымен марапатталды. Барлық сайыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.

“Бағымыз да , барымыз да – Тәуелсіздік

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 15 – желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналған “Бағымыз да , барымыз да – Тәуелсіздік” атты сазды бағдарлама болып өтті.

Салтанатты жиында сөз алған колледж директоры, п.ғ.к.  Л.Баймаханова колледж ұжымы мен студенттерін  тәуелсіздік күнімен құттықтап , ел мерейін тасытуға қосқан үлесі үшін ұжым қызметкерлерін, түрлі байқауларда жүлдегер атанған оқытушылар мен студенттерді марапаттады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, тәуелсіздік тақырыбындағы көріністер қойылып , отты жырлар оқылды, рухты әндер шырқалды.


Елбасы-ел тірегі

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 30 қарашасында «1 желтоқсан Тұңғыш Президент»күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» тақырыбында мерекелік сазды-бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Елбасыға арналған жырлар оқылып, әндер айтылып, «Жылдар сөйлейді»атты сахналық қойылым көрсетілді. Сахналық қойылымда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында, Елбасының балалық шағынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі көріністер орын алды. Сазды-бағдарламаны КББ 19-9/1 және БҚҚ 21-1 топтары ұйымдастырды.


Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!

2021 жылдың  5  қазан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледж  ұстаздары кәсіби мерекелерін атап өтті. Мереке күні таңнан шәкірттер ұстаздарын музыка әуенімен, гүл шоқтарымен күтіп алды. «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама барысында оқу орнында еңбек еткен ардагер зейнеткер-ұстаздар және қазіргі таңда қызымет етіп жүрген ұстаздар туралы  видеоролик көрсетілді.

   Педагогика ғылымдарының кандидаты, колледж  директоры Л.А.Баймаханова  ұстаздарды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген ұстаздар мен студенттерді марапаттады. Оқу орнының әр жылдардағы түлектері өмірде өз орнын табуға себепші болған ұстаздарына өз ризашылықтары мен ақ тілектерін арнап, онлайн құттықтауларын жолдады. Мерекелік кеште ұстаздар шәкірттерімен өнер көрсетті. Студенттер ұстаздарға деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әннен, биден шашу шашып, алғыстарын білдірді.


Құқықтық сауаттылық – заман талабы

2021 жылдың 14 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ер балалармен семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесі, оның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі еңбек етіп жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты   Әбдіқадыр қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары

2021 жылдың 13 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде кәмелет жасына  толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ  аға инспекторы, полиция капитаны Ж.Х Шалбекова,  Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты  А.Д. Әбдіқадір қатысып, жастардың қоғамдық орындарда өзін ұстауы, қайырымдылық мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Жанна Хамитқызы «Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен қорытындыланды.


1- қыркүйек Білім күніне арналған “Білімді ел – мәңгілік ел” тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжі Мырзашөл өңіріндегі жарты ғасырлық тарихы бар, киелі қара шаңырақ оқу орнында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 1- қыркүйек Білім күніне арналған “Білімді ел – мәңгілік ел” тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні


Сағынышпен күткен күн

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде   2021 жыл 6 мамыр  күні 7- мамыр Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Сағынышпен күткен күн» тақырыбында мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара барысында Ұлы Отан соғысының басталуы, жауынгерлерің ерлігі,тылдағы елдің тіршілігі қойылымдар арқылы көрсетілді. Жеңіс күнін тойлау, Отан қорғаушыларға деген құрмет, Тәуелсіз еліміздің жетістіктері қойылымдар арқылы көрсетілді.



Отбасы – Отанымыздың ошағы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021ж.14.04. № 3-15-6/1403-И шығыс хатына сәйкес, 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы сағаты» республикалық акциясы аясында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Отбасы – Отанымыздың ошағы» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-жастарға отбасы ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ екенін ұғындыра отырып, рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды. «Адал ұрпақ » клубының мүшелері отбасы күніне орай қаладағы үлгілі отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.


Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған!.. атты тәрбие сағаты

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні орай “Баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған!..” атты тәрбие сағаты өтті


Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»

2021 жыл  4 маусым күні  Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде  жоспарға сай  «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»  тақырыбында танымдық кеш өткізілді.  Кештің мақсаты  – студенттердің  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін  тереңдету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке,  халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.


Кітап болсын жан азығың…

Түркістан облысы адами әлеуетті  дамыту басқармасы   Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай  гуманитарлық-техникалық колледжі  кітапханасы  қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  «Кітап болсын жан азығың…»  тақырыбында  кітап  көрмесі өткізілді. Оқытушылар мен студенттер көрмеде 2020-2021 оқу жылында кітапхана қорына келген    жаңа оқулықтармен танысып, жаңа басылымдар туралы пікір алмасты.


Бронх демікпесін алдын алу

Түркістан облысының Адами әлеуметті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінде 2021-жылдың 9-маусым күні колледж медбикесі Г. Ботабекованың ұйымдастыруымен «Бронх демікпесін алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жетісай ауданы салауатты өмір салтын сақтау орталығының меңгерушісі К. Е. Жантуреева қатысты. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын емдеу, шылым шегуден бас тарту , шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажеттілігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.