Іс-шара
№1-Хаттамасы №2-хаттамасы
№3-хаттамасы
Пдф-2
№12 хаттамасы
3- тоқсан хаттамасы
Анықталған тәуекелдерді жою бойынша хаттама
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңдіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шарада адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адал ұрпақ қалыптастыру жөнінде директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Э. Нұржаева, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары С. Аташев, жастар ұйымының инспекторы Д. Абишева және студенттердің парламент мүшелері өз ойларын ортаға салып, маман болып қалыптасуда адалдықтың айрықша рөлін атап өтті. Іс-шара барысында адалдық тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Адалдық сағаты студенттердің адалдық жайлы пікіралысу сөздерімен қорытындыланды. Олардың әрбір сөздерінен қоғамға, келешекке деген сенім,мемлекетіміздің жарқын болашағы байқалып тұрды. Біз де адал ұрпақ дамыған, әділетті Қазақстанды қалыптастыратынына сеніміміз беки түсті.
Түркiстан облысы адами әлеуеттi дамыту басқармасы «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетiсай гуманитарлық-техникалық колледжi» МКҚК сыбайлас жемкқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi бойынша берiлген ұсыныстарды орындау туралы
IС-ШАРА ЖОСПАРЫ
Түркiстан облысы адами әлеуеттi дамыту басқармасы
«Ғ.Мұратбаев атындағы Жетiсай гуманитарлық-техникалық колледжi» МКҚК
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу туралы талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау
нәтижелерін алдын ала жария талқылау мақсатында өткізілген жиын


2023 жылғы 27 шілде күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында №116 кабинетте
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық кеңес өтті. Жиналысқа жұмыс тобының мүшелерінен басқа қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты. Кеңес барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары талқыланды.

Хабарландыру !
