«Тіл-әр ұлттың ең асыл қазынасы!» тақырыбында шет тілі пән оқытушылары С. Сабденова, Қ. Тәңірбергенова, Г. Ахметова әдеби танымдық кеш
“Қолтық ойындысы тереңдетілген бұйымдар сызбасын құрастыру ерекшеліктері ” тақырыбында шеберлік сыныбы
Жаратылыстану әлеміне саяхат
«Балалардың шығармашылығын дамытуда музыканың қызметі»
Worldkills стандарттарының талаптары бойынша техникалық модельдеу тәсілдері
«Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында байқау
Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе
«Үздік тігінші» байқауы
«Еңбек күнін» мерекелеуге арналған колледжіміздің іс-шара жоспарына сәйкес 2023жылдың 27-қыркүйек күні «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Білім – тәжірибе – іскерлік» орталығының ұйымдастыруымен «Үздік тігінші» байқауы болып өтті. Байқауға дуальды оқыту жүйесінде білім алып жатқан студенттер қатысты. Байқау төмендегідей шарттар негізінде өткізілді:
1. «Өз ісімнің білгірімін білікті»
2.«Шебер сынып» сайысы
Байқау қорытындысында:
1 орынды Әмірбек Аяулым
II орынды Оралбек Ақерке
III орынды Маккамбаева Улбосын , Боранова Қымбат иеленді .
Байқау директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Аташов пен әдістеме кабинетінің меңгерушісі Н.Айдархановалардың басшылығымен, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Білім – тәжірибе – іскерлік» орталығының жетекшісі Н.Т Сералиеваның ұйымдастыруымен іске асты. Бұл байқау мамандық иелерінің кәсіби шеберлігін молайтып, олардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Ағылшын тілінде оқытудың негізгі бағыты мен стратегияларын жақсарту
Білім жетілдіру курстары оқытушының жаңа заманғы білімін молайтып оны іс тәжірибеде колдануды үйретеді. Ал үйренген білімд і өзгеге үйрете білу ,педагог кадрларымен өзара бөлісу-кемелдікке жетелейді.
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сабденова Салтанат Шүкірбайқызы 2023 жылдың 5-16 маусым аралығында “NIS” педагогикалық орталығында Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білімін арттыру курсына қатысып қайтқан болатын ,біліктілік арттыру курсында үйренген білімді өзінен кейінгі жастарға үйретіп ,өзара тәжірибе алмасу мақсатында колледжде “Ағылшын тілінде оқытудың негізгі бағыты мен стратегияларын жақсарту” жоспары тақырыбында семинар кеңес өтті.
С.Сабденова семинар-кеңесте біліктілік арттыру курсында үйренген әдіс-тәсілдерді,оқытудың озық технологиясын ортаға салды.
Семинар кеңес оң мазмұнда өткізілді.Баршаға тусінікті тілмен баяндалды.Жалпы,семинар мазмұнды ұйымдастырылды.Семинарға әдістеме кабинетінің меңгерушісі Назым Айдарханова қатысып,өз сөзімен корытындыланды.
Оқытудың тиімді функциясы – SMART
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжі 2023жылдың 10-19 мамыр аралығында Педагогикалық шеберлік орталығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Колледжде ағылшын тілін оқыту басымдықтар және жетілдіру стратегиясы» курсын ағылшын тілі оқытушылары Қ.Е Танирбергенова мен
А. О Болысбек біліктіліктті арттыру курсын оқып келіп «Оқытудың тиімді функциясы – SMART» тақырыбында колледж ұстазадары мен тәжірибе алмасты.
Жас мамандарға әдістемелік көмек,тәлімгерлік көрсету жұмыстары
Жаңа оқу жылы басталғалы жас мамандар даярлау ісінде жаңаша тың көзқарастар мен өзгерістер өмірімізге еніп жатқаны жасырын емес. Ақпарат көп оны жүйелеп, студент санасына қарай бейімдеп сабаққа енгізу-бүгінгі күннің басты міндеті. Жас мамандарға әдістемелік көмек,тәлімгерлік көрсету жұмыстары да осы тұрғыда маңызды.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті.
Семинарда дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау барысындағы сапаны жақсартудың жолдары,көкейкесті мәселелері сөз етіліп, жүйелі ой ортаға салынды.
Баяндама жасаған Ө.Ташкенбев пен Ә.Жумабаев жас мамандар даярлау бағытында сапаны жақсарту жолдарын, бағдарламалардың өзекті мәселелерін шешу,кәсіби маманның үлкен өмірге бейімдеу туралы ойын ортаға салды. Іс-шара қызу-тартысты жағдайда өтіп,өзіндік ой –пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Семинар соңында жас мамандар өз қызығушылықтары жөнінде сұрақтар қойып,олардың әрбіріне тәжірибелі ұстаздар тарапынан жауаптар алынды.
LEGO®️MINDSTORMS®️EV3 Education жиынтығы жабдықтарымен танысу
STEM лабораториясында «Бағдардамалау» бөлімі студенттерінен құрылған «Young Robot Builder» үйірмесінің жұмысы жалғасуда. Үйірме мүшелерімен бірге «LEGO®️MINDSTORMS®️EV3 Education жиынтығы жабдықтарымен танысу» тақырыбында жұмыс жүргізілді.
Мақсаты: LEGO®️ жиынтығының компоненттерімен таныстыру.
Студенттердің ұсақ детальдармен жұмыс жасау қабілетін дамыту, электрондық компоненттер, моторлар, дөңгелектер, осьтер, құрылымдық элементтерімен жұмыс жасауды үйрену.
Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, – деп ұлы ақын Абай айтпақшы жиған түйген білімнің зияны жоқ, оны қайта өңдеп өскелең ұрпаққа үлгі ету үлкен еңбекті талап етеді. Жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қосымша бағдарламаларға жүгініп, өз тәжірибесін молайтып және жастарға үйрете білу өз кезегінде үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет ететіні сөзсіз. Білім ала білу мен оны жетілдіріп өзгеге өнеге ету екі бөлек. Ал Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыру қай салада болсын артықтық етпейді. Осы тұста Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқсанбаева Болсынай Әмірбекқызы 2023 жылдың 5-16 маусым айы аралығында “NIS” педагогикалық орталығында Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімді меңгеру мен қатар біліктілігін арттыру мақсатында “Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары” атты жоспарға сай арнайы семинар үрдісін жүргізген болатын. Өз кезегінде Т. Болсынай біліктілікті арттыру курсы бойынша өз ойын ашық жеткізіп, ортаға салу арқылы тың идеялармен бөлісіп, озық үлгідегі білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қарастырып кеткен болатын. Семинар барысында талқыланған тақырыптың мазмұны толыққанды ашылып, жалпыға бірдей түсінікті тілмен баяндалды. Қатысушы ұстаздар да семинарға оң бағасын беріп, әдістеме кабинетінің меңгерушісі Назым Айдарханова семинар талапқа сай өткендігі жайлы қорытынды сөз сөйлеген болатын.
Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе
Ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында адамның ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастыратын, қабілетін, талантын дамытатын, жүзеге асыратын – мұғалім.
Нағыз мұғалім болу — үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша колледж жанынан құрылған «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында өңірлік семинарға қатысушылар семинардың жоғары дәрежеде өткендігін айта келе, алдағы уақытта колледж оқытушылары мен мектеп оқытушыларының бірлескен іс-шаралары жалғасын тапса деген ұсыныс білдірді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жаңа оқу жылы басталғалы жас мамандар даярлау ісінде жаңаша тың көзқарастар мен өзгерістер өмірімізге еніп жатқаны жасырын емес. Ақпарат көп оны жүйелеп, студент санасына қарай бейімдеп сабаққа енгізу-бүгінгі күннің басты міндеті.Жас мамандарға әдістемелік көмек,тәлімгерлік көрсету жұмыстары да осы тұрғыда маңызды.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті.
Семинарда дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау барысындағы сапаны жақсартудың жолдары,көкейкесті мәселелері сөз етіліп, жүйелі ой ортаға салынды.
Баяндама жасаған Ө.Ташкенбев пен Ә.Жумабаев жас мамандар даярлау бағытында сапаны жақсарту жолдарын, бағдарламалардың өзекті мәселелерін шешу,кәсіби маманның үлкен өмірге бейімдеу туралы ойын ортаға салды. Іс-шара қызу-тартысты жағдайда өтіп,өзіндік ой –пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Семинар соңында жас мамандар өз қызығушылықтары жөнінде сұрақтар қойып,олардың әрбіріне тәжірибелі ұстаздар тарапынан жауаптар алынды.