Жаңашылдық жаңалыққа жол ашар, Білімдімен барша адамзат санасар!
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жаңашылдық жаңалыққа жол ашар, Білімдімен барша адамзат санасар!» тақырыбында «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының онкүндігі болып өтті. Онкүндік барысында оқытушылар және студенттер арасында пікірталас,семинар, сайыс сабақтар өткізілді.








Adobe Photoshop, Adobe Illustrator бағдарламаларын оқыту арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 28 наурыз күні«Adobe Photoshop, Adobe Illustrator бағдарламаларын оқыту арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинарда Adobe Photoshop пен Adobe Illustrator бағдарламаларының мүмкіндіктері, Adobe Illustrator бағдарламасында логотип жасаудың жолдары және Adobe Photoshop бағдарламасында жарнамалық брошюра құрастыру жайлы айтылып, практика жүзінде көрсетілді.








Web дизайн және бағдарламалау мүмкіндіктері
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі МКҚК 2021 жылдың 23-желтоқсан күні «Web дизайн және бағдарламалау мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті, семинарды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы”, техникалық және кәсіптік білім беру кафедрасының әдіскері Айтбаев Максат Абдуллаевич ашып берді.
Спикерлері – колледжіміздің ұстаздары Бозаев Кеттеш Усенович, Маматқасым Сара Маматқасымқызы және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Тынысбек Бағдат Асхатұлы жетекшісі Талтанов Дархан Мүсілімханұлы.
Семинарда спикерлер веб-сайт жасау барысында қолданылатын бірнеше әдіс-тәсілдерді көрсетіп, әртүрлі бағдарламалармен жұмыс жасауға болатындығын және веб-парағын құру, сайтты жасаған кезде құрылымдарды пайдалану жолдарын, жаһандық желіде сайттардың қалай жұмыс істейтінін көрсетіп тәжірибелерімен бөлісті.




Мұғалімнің креативтілігі- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты кілті
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 22-желтоқсан күні «Мұғалімнің креативтілігі- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың басты кілті»тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне- өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүние танымы жоғары азамат етіп тәрбиелеу мақсатында оқытушылардың атқарып жатқан жұмыстары және өзіндік іс тәжірбиелері көрініс тапты.







