ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Қалыбай Әйгерім Ерланқызы
Лауазымдық міндеті: Педагог-психолог

Электрондық пошта: Kalibay.aigerim38@gmail.com

Педагог-психолог қызметі бойынша атқарылатын жылдық жұмыс ж о с п а р ы 2024-2025 оқу жылы

Педагог-психолог қызметі бойынша атқарылатын жылдық жұмыс ж о с п а р ы 2023-2024 оқу жылы


Педагог-психолог қызметі бойынша атқарылатын жылдық жұмыс ж о с п а р ы 2021-2022 оқу жылы


Педагог-психолог қызметі бойынша атқарылатын жылдық жұмыс ж о с п а р ы 2022-2023 оқу жылы


Педагог-психологтың 2020-2021 оқу жылына арналған ҚБТ бойынша
Ж Ы Л Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С Ж О С П А Р Ы

Педагог-психолог жұмысының мақсаты: Қазақстанда өзіміздің ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлесімді қосу. Студенттердің өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру, бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау. Педагогтардың, ата-аналардың қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық –педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру. Ата – аналар мен ұстаздардың қарым-қатынастарын жақсарту, педагогика-психологиялық біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері:

  • Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеметтенуі мен кәсіби қалыптасу үшін психологиялық жағдайлар жасау;
  • Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;
  • Білім алушылардың әлеметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттілікті дамыту;
  • Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында кеңестік-ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
  • Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын
    үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің алдын алу

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында.

Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді. Ерте жүктіліктің салдары тек жасөспірімнің денсаулығына ғана емес, оның психологиялық күйіне, білім алуына және болашақ өміріне де әсер етеді. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін отбасы мен колледж тарапынан дұрыс тәрбие мен қолдау қажет. Осындай мәселелелердің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21 қаңтар күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 125 студент қатысты.


Ішімдіктің, шылым шегудің және нашақорлықтың зияны

Денсаулық – зор байлық. Өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліннің қадірлі азаматы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.  Аға буын өкілдерінің басты міндеттерінің бірі – балалар мен жасөспірімдерді шылым   шегу,  маскүнемдік,  нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулығын сақтау. 

   Осы мақсатта  2025 жылдың 09-қаңтар күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің  медбикелері А.Акимова, Г.Ботабекова, колледж психологы Ә.Қалыбай  «Ішімдіктің, шылым шегудің және нашақорлықтың зияны» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.  Жетісай аудандық СӨСҚ дәрігері П.Ахметова студенттерге ішімдіктің, есірткі тұтынудың зардабы, адам өміріне қауіптілігі туралы презентация арқылы түсіндірді. Тақырып аясында видеоролик көрсетіліп, брошюралар таратылды.


 Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев  профилактикалық  түсіндіру жұмыстары

2025 жылдың 14-қаңтар күні  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің  І курс студенттерімен    Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев  профилактикалық  түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.  Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық пен әлімжеттік,  адамның қадір-қасиетіне тиіспеу жөнінде айтып, әрбір құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін түсіндірді.


«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» тақырыбында Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 18-желтоқсан күні «Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік» тақырыбында Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге кездесу өткізілді.

Кездесуге Жетісай АПБ бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Оспанов Сержан Ассаурбекович, Жетісай ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Байменов Ерғали Усербаевич қатысты.

Келген қонақтар жастар арасында әлімжеттікке, қатігездікке жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау жақтарын айтып, құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – ортақ мақсат екендігін түсіндірді.

Қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға, жеке адамға қауіптілігі туралы видеоролик көрсетіліп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты ашық сұхбат жүргізілді. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер полиция қызметкерлері тарапынан толыққанды жауабын алды.


«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы

Табиғат тазалығы – ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Қоршаған ортада тазалықты сақтау, табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында оқу орнымызда 2024 жылдың 4-қараша күні «Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы шеңберінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ерікті түрде қатысушы оқытушылар мен студенттер саны күн санап көбеюде. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай,қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік!


“Жастар және жауапкершілік” тақырыбында кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 3-желтоқсан күні “Жастар және жауапкершілік” тақырыбында кездесу өтті. Жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания,буллинг және кибербуллингтің алдын алу, жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына бағытталған кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Б.С.Омаров, Жетісай АПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Б.Қ. Абдурахманов,

Жетісай ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Е.Базарбекұлы, Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбаев қатысты. Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан лудомания және компьютерлік алаяқтықтан сақтану жайында видеороликтер көрсетілді. Зиянды әдеттерге еліктеудің, тәуелділіктің зардабы туралы, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде студенттер өз ойларын айтып, еркін пікір алмасты.


«Эмоционалды интеллект: жеке даму жолдары» тақырыбында педагог-психолог Ә.Е.Қалыбай психологиялық-тренинг

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 26-қараша күні «Педагогика, психология және жаратылыстану» кафедрасының «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы біртұтас тәрбие жүйесін қалыптастыру: Жаңа білім беру парадигмалары» атты тақырыбында ұйымдастырылған онкүндік аясында «Эмоционалды интеллект: жеке даму жолдары» тақырыбында педагог-психолог Ә.Е.Қалыбай психологиялық-тренинг өтті.

Мақсаты:

– жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу;

– өзін еркін сезінуге көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бойына дарыту, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.

Тренинг барысында жасанды интеллектті пайдалану арқылы «QAZ MATH» программасымен қатысушылар 2-топқа бөлінді. “Сәлемдесу”, “Мұнара тұрғызу”, “Ашулы шарлар”, “Сезіміңді бейнеле”, “Сурет салу арқылы мінез-құлықты анықтау”, “Майшам” жаттығулары ұйымдастырылды.


Қарттар – қазынамыз.

Қарттар – қазынамыз.

Даналықтың бастау, ұлылықтың биік өлшемі болған олар біздің өміріміздегі адастырмас, жарық бағдаршамы, ақыл – ойдың таусылмас кені. “Кімнің қазыналы қарты болса, жазулы тұрған хатпен тең” деп дана халқымыз өте керемет айтқан. Оларды құрметтеу, даналығын, үйрену, қажет болса қамқорлық көрсету- жастардың басты парызы.

Осы мақсатты ту еткен Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары, оқу орнындағы жастар ісінің инспекторы Д. Абишеваның басшылығымен 2024 жылдың 27-қыркүйек күні 1- қазан – халқаралық қарттар күніне орай Жетісай қаласында тұратын қазыналы қарт кісілердің шаңырағында болып, өмірлік ұлағатын тыңдап, үй- іші шаруаларына қолғабыс жасап қайтты. “Ата сыйласаң, алдыңа келеді” деген. Өз кезегінде дана қарт кісілеріміз жастардың қайрымды істеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді. “Баталы ұл арымас” демекші, жастарымыз үлкендеріміздің батасын алса, болашақтарының баянды болатыны, хақ.


«Сүт безінің аурулары» тақырыбында кездесу

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 10-қазан күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы К.Е.Жантуреева және колледж медбикесі А.Акимованың ұйымдастыруымен «Сүт безінің аурулары» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Жетісай аудандық орталық емханасының онколог дәрігері А.Шералиев қатысып, сүт безі обырының алдын алу, аурудың белгілері, сақтық шаралары , жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтудің маңыздылығы жайында жиынға қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Дәрігер мамандар оқытушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күйзеліске берілмеу және жеке бас гигиенасын ұстау жайында келелі кеңестер берді.


АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу, одан сақтану жолдары жайында түсіндіру жұмыстары

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін түсіндіру, қоғамда ғасыр дертіне айналып белең алып тұрған індеттің алдын алу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде

2024 жылдың 14-қазан күні оқытушылары мен студенттері арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясын анықтауға арналған тестілеу өткізілді. Шараны ұйымдастырушы Жетісай аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы К.Е.Жантуреева және СПИД орталығының дәрігер мамандары АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу, одан сақтану жолдары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты.


Жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыта отырып, лудомания, буллинг, кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтандыру мақсатында кездесу

Ел боламын деген мемлекет ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өйткені ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінің діңгегі. Жетісай АПБ қызметкерлерімен бірге Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 22-қазан күні жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыта отырып, лудомания, буллинг, кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтандыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Жетісай АПБ бастығы полиция полковнигі А.Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары С.Примбеков, аудан прокурорының орынбасары Р.Ерназаров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Жетісай аудандық бөлімінің жедел уәкілі А.Тұрсынбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жұмабаев, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Р.Мауленова қатысты.

Келген қонақтар жастар арасында әлімжеттікке, қатігездікке жол бермеу, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау жақтарын айтып, әрбір құқықбұзушылық заңды жауапкершілікке алып келетіндігін түсіндірді. Жастарға қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға, жеке адамға қауіптілігі туралы видеоролик көрсетіліп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты ашық сұхбат жүргізілді.


«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру»

Бүгінгі таңда құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. Заңдар мен құқықтық норомаларды оқып-үйрену арқылы біз өз құқықтарымызды қорғап, әділдікке қол жеткізе аламыз.

2024 жылдың 18- қазан күні «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» тақырыбында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу.

Жастармен кездесуге келген “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” облыстық филиалының төрағасы Б.Сансызбайұлы, Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ә.Әмір, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Э. Абенова қатысып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, адамгершілік пен жанашырлық, сыйластыққа бағытталған мазмұнды әңгімелер айтты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ақпараттық үнпарақтар таратылды.


Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Перден Ұлмекеннің қатысуымен семинар

Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, халқымыздың салт- дәстүрі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын бойына жинақтаған, ақылына көркі сай парасатты қыз баланы тәрбиелеу мақсатында оқу орнымызда 2024 жылдың 17-қазан күні Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Перден Ұлмекеннің қатысуымен семинар өтті. Семинар барысында әдептілік, сыпайылық ережелері айтылып, қыздарға жат қылықтар туралы түсінік берілді. Қыз тәрбиесі және қыздар арасында кездесетін қателіктер туралы бейнематериал көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өз кезегінде студент қыздар өмірдегі жағдаяттар туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ашық сұхбат жүргізілді.


I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес

2024 – 2025 жаңа оқу жылының алғашқы күндері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушыларға оқу орнының студенттерге арналған ішкі тәртіп ережесін түсіндіру. Жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, буллинг, кибербуллинг, лудомания әрекеттерінің алдын алу. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева студенттердің құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Ғ.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.


2024-2025 оқу жылының басталуымен қатар оқу орнымыздың табалдырығын биыл аттаған І курс студенттерімен кездесу

Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған әлеуметтік маңызды және өзекті міндеттердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Әрбір заңды бұзған жасөспірім- елдің болашақ дамуының кем тұсы болып табылады. 2024-2025 оқу жылының басталуымен қатар оқу орнымыздың табалдырығын биыл аттаған І курс студенттерімен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Қажыгелді Әнуарбек, АПБ-нің инспекторы, полиция аға лейтенанты Насирбаев Нұрдәулет, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Нұршарифиддин Мейірбек, орталық инспекторы Әмір Әбдісалам, психолог Жазира Қайратқызы қатысып, жасөспірімдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында интернет-алаяқтық, қорқыту, есірткі қылмысы, буллинг, кибербуллинг, лудомания және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында келген қонақтар ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтарды бойына сіңіріп, дамытушы жастарға сәттілік тіледі.


І-ІІ курс студенттерімен «Жемқорлықсыз қоғам – ұлттың жарқын келешегі» тақырыбында семинар-тренинг

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 18.09.2024 ж. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І-ІІ курс студенттерімен «Жемқорлықсыз қоғам – ұлттың жарқын келешегі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы семинар-тренинг барысында адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дамыту бағытындағы тренингтер,ойын-жаттығулары ұйымдастырылды. Іс –шара барысында студент жастар ұлттық құндылықтар, жасампаздық пен жаңашылдық жайындағы көзқарастарын , ұсыныс-пікірлерін айтты. Қорытындылай келе, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға белсенділік танытамыз, – деп сенім білдірді



«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес

Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға құқы жоқ.

2024 жылдың 30-сәуір күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық –техникалық колледжінің «Информатика» және «Есептеу техникасы» бөлімдерінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес өтті. Жаңа форматтағы шараның басты мақсаты: жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті іс-әрекеттің, ерте жүктіліктің алдын алу.

Семинар-кеңестің алғы сөзінде колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Баймаханова Ләззат Алғибайқызы ата-аналарды оқу орнымыздың алдына қойған мақсаты мен міндеті және оқу корпустары мен жатақханаларда студенттердің игілігі үшін жасалып жатқан жағдайлар туралы хабардар етті. Оқытушылар мен студенттердің тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері видеоролик арқылы көрсетілді.

Психолог маманның «Балаңыздың жан сырын білесіз бе?» , «Ата-ана жауапкершілігі неде?» тақырыптарында жүргізген тренингтері, аутодеструктивті іс-әрекеттің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша көрсетілген видеороликтер ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділі мен жауапкершілігін арттыра түсті.

Нәтижесінде, семинар-кеңеске қатысушы ата-аналар баламен дос-сырлас болу, көңіл-күйін бөлісу,үнемі қолдау көрсету, оның өмірінде маңызды рөл атқаратыны туралы ой түйіндеп, ұстаздар қауымына ризашылығын білдірді.


«Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу

Бүгiнгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Мемлекеттің болашағы біздің жас ұрпақ, яғни, саналы жастарымыз. Қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ.

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 6-мамыр күні «Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Бақдәулет Сұлтанұлы, АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Насирбаев Нұрдәулет, Жетісай ауданы “Жастар ресурстық орталығы”КММ -нің басшы орынбасары Тілеуберді Шоханұлы және жастар орталығының мамандары студенттерге құқық бұзушылық, буллинг және кибербуллинг, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткі тұтынудан сақтандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2024 жылдың 23 мамыр күні

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалдық және таза сессия» науқаны аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге «Таза сессия» науқаны туралы және сыбайластықтың жауапкершілігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық үшін Заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы бейнеролик көрсетіліп, адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді. Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.


«Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Шоқан Уалиханов

Жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиетті, ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік сезімді дамыта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың 24 мамыр күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің І курс студенттері арасында «Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Студенттер әділетті Қазақстанның болашағын, әсем табиғатын өз қиялдары арқылы қағаз бетіне түсірді. Жұмысты талапқа сай, мазмұнды орындаған студенттер жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларымызға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Өнерлерің өрге жүзсің, әділетті Қазақстанның жастары!


«Таза сессия» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Шоқан Уалиханов. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 29-мамыр күні «Таза сессия» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты, І курс студенттері арасында «Әділетті Қазақстанның бақытты ұрпағымыз» тақырыбында суретшілер байқауы өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Акция барысында адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді.


«Дүниежүзілік туберкулезбен күрес» күніне орай студенттермен кездесу

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылдың 3-сәуір күні медбике А.Акимова, психолог А. Қалыбайдың ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес» күніне орай студенттермен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері Б.Қ. Құралбаев, Жетісай аудандық СЭББ бас маманы Ө. Нұртазаев қатысты. Студент жастарға туберкулез ауруы туралы және оның алдын алу, емдеу жайында бейнеролик көрсетіліп, брошюралар таратылды. Студенттер сұрақ қою арқылы салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасы тазалығын сақтаудың және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы мағлұматтар алды.


“Есірткімен күрес -ел ертеңі үшін қажет “ тақырыбында кездесу

Қазіргі қоғамда жастар арасында белең алып тұрған дерттің бірі – есірткі тұтыну. Есірткінің адам өміріне, қоғамға әкелетін зардабы жайлы түсінiк беру, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту, жасөспірімдер арасында жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 26 – наурыз күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Есірткімен күрес -ел ертеңі үшін қажет “ тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қатысқан Жетісай орталық ауруханасының нарколог дәрігері С. Дінтаева есірткі тұтынудың зардабын, адам өмiрiне қауiптiлiгiн түсiндiрдi.

Жетісай қалалық емханасының дәрігері гинеколог Н. Алиева “Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар және алдын алу” тақырыбында баяндама жасады. Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіліп, студент жастар өз пікірлерiмен бөлісті. Қосымша мағлұмат алу үшін қатысушыларға брошюралар таратылды.


«Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясы

Қасиетті Рамазан – береке мен бірлік айы. Қолдан келгенше қайырымдылық жасайтын сәт. Оқу орнымыздағы студенттік парламент мүшелері 2024 жылдың 5-сәуір күні «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясы аясында Жетісай қаласында орналасқан “№5 арнайы мектеп- интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, тәрбиеленушілерге арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Оқытушылар мен студенттердің әуелеткен әндері мен естелік силықтары бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Балалар қарым-қатынас қуанышын, жылулықты, шынайылықты, студенттеріміздің қамқорлығы мен назарын сезінді.

Ізгілікті істер арқылы жастардың бойына қайырымдылық пен мейірімділік қасиеттерін дамыту жолындағы еңбегіміз жемісті болсын.


«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»

Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын.

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес.

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2024- жылдың 24-сәуір күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жетісай қалалық әжелер алқасының төрайымы К. Абылкасымова, әжелер алқасының мүшелері Қ. Тастемірова, А. Молдабекова қатысты. Ардақты аналар қыздарға ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, жан-жақты ұлттық қасиеттерді бойына сіңіру, дамыту мақсатында өмірлік тәжірибелерінен әңгімелеп, ақыл-кеңестерін айтты. Өз кезегінде студент-қыздар отбасылық өмірге, ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Жастар өз ойларын ортаға салып, қонақтармен еркін сұхбаттасты.


“Мен мамандығыма адал боламын” тақырыбында эссе жазу

“МЕН МАМАНДЫҒЫМА АДАЛ БОЛАМЫН” ЭССЕ ЖАЗУ

1.03.2024. Түркістан облысының білім басқармасы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №28-1-3/550-11 хатына сәйкес жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, адамгершілік пен адалдықты дамыту мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 1- курс студенттері арасында “Мен мамандығыма адал боламын” тақырыбында эссе жазу бірыңғай сағаты өтті.

Эссе жазу барысында студенттер болашақта өз мамандықтарының иесі ретінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, Отанға адал қызмет ету және дәріптеу туралы жазды.


«Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыздармен кездесу

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде

2024 жыл ақпан айының алғашқы аптасында «Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыздармен кездесу өтті. Кездесуде Жетісай қалалық емханасының акушер – гинеколог дәрігері Н.Алиева жасөспірімдерде гигиеналық және репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды айтты. Өтпелі жастағы қыз балалар денесінде болатын анатомиялық-физиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілудің негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады. Дене гигиенасы, аяқ киім және киім гигиенасы, тамақтану гигиенасы бойынша, кеңес беру, олардың репродуктивті денсаулығына немқұрайлы қарау кезінде туындайтын проблемалар (қалаусыз жүктілік, түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), контрацепция туралы жалпы мәліметтер берді.

Ерте жүктіліктің адам өміріне зияны, қауіптілігі жайында видеоролик көрсетіліп, қыздардың қойған сұрақтарына жауап берді.


“Қауіпсіз жол” “Сіздің жолаушыңыз – бала” тақырыбында кездесу-жиналыс

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2024 жылы 19 ақпан күні ЖПҚ ЮПТ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Насирбоев Нұрдаулеттің қатысуымен “Қауіпсіз жол” “Сіздің жолаушыңыз – бала” тақырыбында кездесу-жиналыс ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жол ережесін бұзбауға және өмір қауіпсіздігіне үйрету. Н.Насирбоев студенттерге жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол ережесін қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


«Дін және мәдениет» тақырыбы аясында дөңгелек үстел

2024 жылдың 26 қаңтар күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Жетісай аудандық мәдениет үйінің жастармен жұмыс бөлімі қызметкерлерімен бірге «Дін және мәдениет» тақырыбы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты, жастарға дініміз бен ұлттық мәдениетіміз туралы терең түсінік бере отырып, кереғар діни ағымдар, оның түрлері мен себептері жайында мағлұматтарды бойына сіңіру.

Іс-шара барысында Жетісай ауданының бас имамы Айдарбек Садықов және орталық «Нұғман» мешітінің найб имамы Болат Әбділкәрім, Жетісай аудандық мәдениет үйінің басшы орынбасары Әйтешов Әзберген арнайы қатысып, жастарға адамгершілік, мейірімділік, инабаттылық және ата-ананы құрметтеу туралы өнегелі сөздерін кеңінен насихаттап, белсенді жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.


«Құқықтық тәртіп профилактикалық іс-шаралары»тақырыбында түсіндіру жұмыстары

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-қоғам алдындағы басты міндет.

Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау екендігін, Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіру мақсатында Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2023 жылдың 24-қараша күні Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен «Құқықтық тәртіп профилактикалық іс-шаралары»тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында студент-жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып,өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және синтетикалық заттарды пайдаланбау, нашақорлықтан аулақ болу” тақырыбында студент жастармен кездесу

Жаңа Қазақстанға қадам басқан шақта қоғамда саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Сол міндетті іске асыруда жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу өте маңызды. Осы орайда 2023 жылдың 17-қазан күні «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және синтетикалық заттарды пайдаланбау, нашақорлықтан аулақ болу” тақырыбында студент жастармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры М.Қадырқұлов, Жетісай АПБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры М.Абибуллаев, Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Н.Насирбоев қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айтылды.Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

1 курс студенттерінің ата-аналарымен 18-20 қазан аралығында жиналыс

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.

Ата-аналармен байланысты нығайту, бірлесіп нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттерінің ата-аналарымен 18-20 қазан аралығында жиналыс өткізу жоспарланды.

18-қазан «Дене тәрбиесі және спорт» ,19-қазан «Бағдарламалау», «Математика және информатика» бөлімдерінде өткен жиналыста жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі, колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтау мәселелері қаралды. Ата-аналар өз тарапынын ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар комитетінің, әкелер және аналар мектебінің құрамы сайланып, жалпы дауыспен бекітілді.


«ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесу

«ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесуСалауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Әрбір адам иммунитетін жіті бақылап, денсаулығына көп көңіл бөлгені дұрыс. Осы орайда, 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай қаласы ЖИТС орталығының дәрігері эпидемиологы И.Т. Жақсылықов, Жетісай аудандық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының меңгерушісі К. Жантөреева, колледж медбикелері А. Акимова, Г. Ботабекова және колледж психологы Ә. Қалыбай қатысты. Студент жастарға тақырыпқа сай ЖИТС-тың алдын алу, сақтану жайындағы бейне роликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. Салауатты өмір салтын ұстану жолдары түсіндірілді. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.


«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес

2023 – 2024 жаңа оқу жылының алғашқы күндері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесін, студенттердің міндеттері мен құқықтарын түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі үлес қосып жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.



1- қазан Халықаралық қарттар күні

2023жылдың 27 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі жастар ұйымының инспекторы  Д. Абишева, педагог – психологы Ә. Қалыбай студенттердің өзін – өзі басқару ұйымының мүшелерімен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай қаладағы жалғыз басты қариялардың үйіне барып, аула жұмыстарына қолғабыс жасап, ақ батасын алып қайтты. Қарттарға қамқорлық жасау – біздің адамгершілік парызымыз.Жастарды қайырымдылық жасауға, үлкенге сый – құрмет көрсетуге тәрбиелеу, қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сонымен қатар өнерлі жастар қадірменді қарияларымыздың көңілін көтеріп , концерттік бағдарлама ұсынды. Атаулы күнге орайластырылған бұл іс – шара «Жастар ресурстық орталығымен» біргелікте іске асырылды. Жастар ресурстық орталығының басшысы, мәслихат депутаты А. Сұлтанмұратовпен бірге студент жастарымыз қарттарға көмектесіп қана қоймай, үлкендердің әңгімесін тыңдап ақыл – кеңестерін алды. Ол өз кезегінде қарияларға азық – түлік табыстап, қажетті мұқтаждықтарына көмектесіп тұруға уәде берді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңдіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шарада адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адал ұрпақ қалыптастыру жөнінде директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Э. Нұржаева, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары С. Аташев, жастар ұйымының инспекторы Д. Абишева және студенттердің парламент мүшелері өз ойларын ортаға салып, маман болып қалыптасуда адалдықтың айрықша рөлін атап өтті. Іс-шара барысында адалдық тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Адалдық сағаты студенттердің адалдық жайлы пікіралысу сөздерімен қорытындыланды. Олардың әрбір сөздерінен қоғамға, келешекке деген сенім,мемлекетіміздің жарқын болашағы байқалып тұрды. Біз де адал ұрпақ дамыған, әділетті Қазақстанды қалыптастыратынына сеніміміз беки түсті.


«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Сондықтан колледж жастарының бойына біліммен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерді сіңдіру әрбір педагогтің міндеті. Осы мақсатта 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты академиялық адалдық сағаты өткізілді. Іс-шарада адалдық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адал ұрпақ қалыптастыру жөнінде директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Э. Нұржаева, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары С. Аташев, жастар ұйымының инспекторы Д. Абишева және студенттердің парламент мүшелері өз ойларын ортаға салып, маман болып қалыптасуда адалдықтың айрықша рөлін атап өтті. Іс-шара барысында адалдық тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Адалдық сағаты студенттердің адалдық жайлы пікіралысу сөздерімен қорытындыланды. Олардың әрбір сөздерінен қоғамға, келешекке деген сенім,мемлекетіміздің жарқын болашағы байқалып тұрды. Біз де адал ұрпақ дамыған, әділетті Қазақстанды қалыптастыратынына сеніміміз беки түсті.


Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-қоғам алдындағы басты міндет. Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау екендігін, Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын, сонымен қатар, студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2023 жылдың 21-26 қыркүйек аралығында Жетісай АПБ ЖПҚ, ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Насирбоевтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында студент-жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып,өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін айтты.


“Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз” тақырыбында бірыңғай академиялық адалдық сағаты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде “Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз” тақырыбында бірыңғай академиялық адалдық сағаты ұйымдастарылды. Адалдық сағатын ұйымдастырудағы мақсат жемқорлық мемлекет пен қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін түсіндіру. Жиынға қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Аштархан Нұрхан Алмасұлы қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет. Сондықтан, қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Студент жастарға бейнеролик көрсетіліп, сұрақ – жауаппен жалғасын тапты.«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Әмір Әбдісалам қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға жастарды шақырды.


“Біз есірткіге қарсымыз” тақырыбында студент жастармен кездесу

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2023 жылдың 12 қыркүйек күні Жетісай ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірге “Біз есірткіге қарсымыз” тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жастарды жаман әдеттерден сақтандыру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту. Салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау. Семинар- кездесуге қатысқан Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Аштархан Нұрхан Алмасұлы жастар арасындағы белең алған нашақорлық мәселесін алға тартып, мұндай жат нәрседен аулақ болуға шақырды. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі құралдарын тарату ұсынылған жағдайда әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ есірткі құралдарын өткізу және тұтыну үшін жауапкершілік шаралары туралы айтты. Қатысушылар жастарды жаңа Қазақстанның салауатты ұрпағы болуға шақырды.


«Дене сергіту» челленджі

Студент жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру мақсатында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дене сергіту» челленджі өтті. Челленджге 340 студент қатысты. Дене жаттығуы – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшық ет топтары қамтылады. Сондықтан, студент жастарды күнделікті дене сергіту жаттығуын жасауға шақырамы


«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес

2023 – 2024 жаңа оқу жылының алғашқы күндері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенттерімен «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесін, студенттердің міндеттері мен құқықтарын түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі үлес қосып жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.


«ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесу

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Әрбір адам иммунитетін жіті бақылап, денсаулығына көп көңіл бөлгені дұрыс. Осы орайда, 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «ЖИТС таңдамайды, біз таңдаймыз» тақырыбында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай қаласы ЖИТС орталығының дәрігері эпидемиологы И.Т. Жақсылықов, Жетісай аудандық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының меңгерушісі К. Жантөреева, колледж медбикелері А. Акимова, Г. Ботабекова және колледж психологы Ә. Қалыбай қатысты. Студент жастарға тақырыпқа сай ЖИТС-тың алдын алу, сақтану жайындағы бейне роликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. Салауатты өмір салтын ұстану жолдары түсіндірілді. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.


Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, әлімжеттік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Оқу орнының іс жоспарына сай кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, әлімжеттік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында студент жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Н.Насирбаев, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі, аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары К.С.Өмірбай, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы қоғамдық келісім мекемесінің Жетісай аудандық филиалының маманы М.Айдарбек, Жастар ресурстық орталығының қызметкері А.Әмір мен психологы А.Айдаровалар қатысып, жастарға өздерінің үлгі өнеге болатын әңгімелерін айтты. Жиын барысында әр тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетіліп, жастар өз ойларын ортаға салды, ұсыныс пікірлерін айтты.
Жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды


Сыбайлас жемқорлық- қоғамдық дерт

«Сыбайлас жемқорлық- қоғамдық дерт» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының басшысымен кездесу өтті. Мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік іс- әрекетін қалыптастыру. Осы тақырыпта колледждің құқық негіздері пәнінің оқытушысы Т.Иманбердиев баяндама жасады. Кездесуге қатысқан Жетісай аудандық Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің басшысы Н.С.Мутаев, кеңсе қызметкері А.Әмір студенттермен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.


Жоспарланбаған жүктілік салдары. Жасанды түсік

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жоспарланбаған жүктілік салдары. Жасанды түсік» тақырыбында кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз балалармен кездесу өтті. Кездесуде Жетісай қалалық емханасының акушер – гинеколог дәрігері Н.Алиева жасөспірімдерде гигиеналық және рухани мәдениетті тәрбиелеу, репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды үйрету. Өтпелі жастағы қыз балалар мен ер балалардың денесінде болатын анатомиялық-физиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілудің негізгі кезеңдері туралы түсіндіру. Дене гигиенасы, аяқ киім және киім гигиенасы, тамақтану гигиенасы бойынша, кеңес беру, олардың репродуктивті денсаулығына немқұрайлы қарау кезінде туындайтын проблемалар (қалаусыз жүктілік, түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), контрацепция туралы жалпы мәліметтер берді.


Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік -өміріңнің қас жауы

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік -өміріңнің қас жауы» тақырыбында студент ер балалармен семинар-кеңес өтті. Семинардың мақсаты: білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.у.а. Ә.Э.Нұржаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесі, оның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі еңбек етіп жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насирбоев қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.


1- қазан Халықаралық қарттар күн

2022 жылдың 30 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог-психологы А.Т.Қалубайдың жетекшілігімен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай белсенді студенттер мен қаладағы жалғызбасты қарияны құттықтап, аула жұмыстарына көмек беріп, әннен шашу шашып, анамыздың ақ батасын алып қайтты. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, қайрымдылық көмек көрсету. Жастарды қайырымдылық жасауға, үлкенге сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрсетілген құрметке алғысын айтқан қария жастарға жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін берді.


Нашақорлық – қоғамдық дерт

2022 жылдың 23 маусым күні Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 26-маусым халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында дәрігер – мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы, Жетісай қалалық емханасының дәрігер –эпидемиологы Ш.И. Ермекова, колледж медбикесі Г. А. Ботабекова қатысты. Студент жастарға тақырыпқа сай есірткіге тәуелді адамдардың қиын өмірі және қоғамдық дерттің алдын алу, салауатты өмір салтын сақтану туралы слайд көрсетіліп, брошюралар таратылды. Дәрігер маман өмірлік жағдаяттардан мысалдар келтіріп, студент жастармен бірге талқылады және жағдаяттың дұрыс шешілу жолдарын үйретті. Өз кезегінде жастар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу туралы білетін мәліметтерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Құрметті жастар!

Нашақорлық – қоғамның дерті. Бүкіләлемдік дертке әрбір азамат қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!


Ерте жыныстық қатынастың денсаулыққа зияны және жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 29-наурызында колледж медбикесі А. Акимованың ұйымдастыруымен «Ерте жыныстық қатынастың денсаулыққа зияны және жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар » тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Н. Алиева қатысты. Дәрігер-маман қоғамда әйел және ер адамның репродуктивті денсаулығын қорғау, соның ішінде жасөспірім жастан бастап жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулар жөнінде жөнінде мәлімет берді. Слайд арқылы денсаулықты күту жөнінде кеңес берді кездесуде студенттер өз пікірлерін білдірді және қанағаттанарлық сұрақтарына жауаптар алды.


Мен өмірді сүйемін!

2021 жыл 26 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты студенттердің өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу.Тренинг соңында Ж.Байбаланованың «Мен сені сүйем, өмір!» әні бірге орындалды.


Қызға қырық үйден тыйым

2021 жыл 25 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің ТБ 20-9 тобының кураторы М.Құрметованың ұйымдастыруымен кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу. Кеңеске колледж мейірбикесі А.Акимова, жастар ұйымының инспекторы Д.Абишева, әлеуметтік-педагог Ж.Балқыбекова қатысты.


Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды

2021 жыл 28 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі педагог-психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен 31 мамыр – Дүниежүзі темекіге қарсы күрес күніне орай «Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында дәрігер – мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – студенттердің зиянды әдеттерден сақтану бейімділігін арттыру, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


Ерте жүктіліктің алдын алу

Түркістан Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің  педагог – психологы Қалубай Айбала Тілеуқызы

І курс қыз балдары арасында  “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында  сауалнама алынып, ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алудың жолдары, жасөспірім кыз баланың денсаулығына тигізетін зияны туралы мәліметтерді анықтау мақсатында жүргізілді.


Қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 13 сәуірінде педагог–психолог А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен «Қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері» тақырыбында кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз балалармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісай қалалық емханасының акушер – гинеколог дәрігері А.М.Алдабергенова және колледж мейірбикесі А.Акимова қатысты.


Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде   2021 жылдың 14 сәуірінде  «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталаста Түркістан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог-маманы Шаймерденов Бағдат Асанұлы тақырыпқа байланысты баяндама оқыды. Студент – жастардың сұрақтарына жауап берді.


Туберкулезді жоюға бірігейік

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде   2021 жылдың 15 сәуірінде «Туберкулезді жоюға бірігейік»  тақырыбында колледж білім алушыларымен  кездесу өтті. Кездесуге Жетісай  аудандық емханасының фтизиатр дәрігері Б.Қ.Құралбаев қатысып, туберкулезден сақтану жолдарын айтты.


Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде  19.04.2021ж колледжінде жастардың бойында  сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төбеушілікті дамыту мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында онлайн режимде сауалнама жүргізілді


Мен бақытты екенмін!

2021 жылдың 21 сәуірінде Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінің педагог–психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдасыруымен кәмелет жасына  толмаған жасөспірімдердің аутодеструктивті іс-әрекеттің алдын алу және студенттердің өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында «Мен бақытты екенмін!» тақырыбында пікірталас өтті.


Діни сергектік және қауырт желілердің ықпалын анықтауға арналған әлеуметтік сауалнама

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 12 мамыр күні колледждің педагог–психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастырумен колледж бойынша діни сергектік және қауырт желілердің ықпалын анықтауға арналған әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға І курс студенттері қамтылды.


Izgilikti qogam

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Izgilikti qogam» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алуға және жастар арасында орын алуы ықтимал кез-келген келеңсіздіктерге жол бермеуге бағытталған шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Умирзакова Марал Мұханқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының м.у.а Құрманбек Рысмаханов қатысты.Бір мезетте онлайн және офлайн форматында өткен басқосу барысында жастар мен психолог мамандар арасында еркін диалог құрылып, сұрақтар қойылды. Ой-пікірлер тыңдалды. Семинар тренингтің соңында белсенді қатысқан қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.


Қызға қырық үйден тыйым

2021 жыл  25 мамыр күні  Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы    Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінің  ТБ 20-9 тобының кураторы М.Құрметованың ұйымдастыруымен кәмелет жасына  толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.  Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу. Кеңеске колледж мейірбикесі А.Акимова, жастар ұйымының инспекторы Д.Абишева, әлеуметтік-педагог Ж.Балқыбекова  қатысты.


Мен өмірді сүйемін!

2021 жыл 26 ақпан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты студенттердің өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу.Тренинг соңында Ж.Байбаланованың «Мен сені сүйем, өмір!» әні бірге орындалды.


Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды

2021 жыл 28 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі педагог-психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен 31 мамыр – Дүниежүзі темекіге қарсы күрес күніне орай «Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында дәрігер – мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – студенттердің зиянды әдеттерден сақтану бейімділігін арттыру, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


Құқықтық мәдениет – бала қауіпсізідігінің кепілі

2021 жылдың 03 маусым күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог –психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсізідігінің кепілі» тақырыбында Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты А.Д. Әбдіқадірмен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда кездесетін заңдылықтарға төзбеушілік қабілеттерін қалыптастыру. Еркін фарматта өткен кездесу барысында студенттер өз құқықтарын қорғау, пайдалану, өзгенің құқығына қол сұқпау туралы мәліметтер алды. Өздерінің толғандырған сұрақтарына жауап алды.