Жұмыс жоспары
Колледждің жалпы әдістемелік тақырыбы: Кәсіби білім беруде педагогикалық тәжірбиенің озық үлгілерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамытатын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға негізделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Мақсаты:
Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы заман талабына сай кәсіби құзіретті маман даярлау. Педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Міндеттері:
● педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби құзіреттілігін көтеру бойынша жұмыс жүйесін жетілдіру;
● шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату;
● ғылыми ойларды, білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ықпал
жасау, тиісті шараларды ұйымдастыру;
● оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп, дамытуға
тиісті әдістемелік көмек беру.
Жұмыс бағыты:
№ | Атқарылатын жұмыстар | Мерзімі | Жауаптылар |
1.Ұйымдастырушылық жұмыс | |||
1 | Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстарға талдау жасау, әдістемелік кеңесте кафедралардың жаңа оқу жылындағы міндеттерін айқындау | тамыз | директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, әдіскерлерлер |
2 | 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік орталықтың жоспарын түзу | тамыз | әдіскерлер |
3 | Онлайн сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың кафедра апталықтары мен оқытушылардың біліктілігін көтеру кестесін әзірлеу | қыркүйек | әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
4 | Жас мамандарды анықтап, тізімін алып, оларға тәлімгерлер бекіту. | қыркүйек | әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
5 | Оқытушылардың іс-құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес жүргізілуін қадағалау,бағдарламалар мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын әзірлеуге онлайн әдістемелік көмек беру. | қыркүйек | әдіскерлер, озат тәжірибелі оқытушылар |
6 | Кафедралардағы озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату туралы жоспар жасау. | қыркүйек | кафедра меңгерушілері, озат тәжірибелі оқытушылар |
7 | Жас мамандар мектебінің ҚБТ бойынша жоспарын жасау, жұмыс жүргізу. | қыркүйек | әдіскерлер, озат тәжірибелі оқытушылар |
8 | Облыстың, қаланың, ауданның инновациялық оқу орындарымен онлайн қарым-қатынас орнату | жыл бойы | әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
9 | Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу | жыл бойы | әдіскерлер, озат тәжірибелі оқытушылар |
10 | WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік конкурсын онлайн ұйымдастыру және өткізу | жыл бойы | әдіскерлер |
2.Әдістемелік жұмыс | |||
1 | Білім күніне арналған онлайн сабақ жоспарларын көріп шығу, әдістемелік бағытта көмек көрсету | тамыз | әдіскерлер, озат тәжірибелі оқытушылар |
2 | Студенттердің өзіндік ізденіс қабілеттерін арттыру мақсатында онлайн олимпиада, сайыстар өткізуді ұйымдастыру | оқу жылы ішінде | әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра меңгерушілері |
3 | «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-форматында өткізілген тамыз конференциясы жұмысының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдарды жұмыс барысында пайдалану. | жыл бойы | әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра меңгерушілері |
4 | «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша онлайн жұмыс жүргізу. | жыл бойы | әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра |
5 | «Жыл оқытушысы – 2021» онлайн байқауына қатысатын оқытушыларға әдістемелік бағыт – бағдар беру | қазан | әдіскерлер |
6 | Оқытушының іс-тәжірибесін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал шығару. | оқу жылы ішінде | әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
7 | Облыстық, аудандық семинарларға, вебинарларға қатысу, тәжірибе алмасу. | жыл бойы | әдіскерлер, кафедра оқытушылары |
8 | Оқушылар мен оқытушылардың онлайн конференцияларына ,вебинарларға қатысуын қамтамасыз ету | оқу жылы ішінде | Директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары,әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
9 | «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 17 қазан №530 бұйрығына сәйкес педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша материалдарды дайындау | наурыз | әдіскерлер, аттестациялық комиссия |
10 | Онлайн сабақ өткізу, жеке және топтық кеңес беру, шығармашылық жоспар жасау кезінде қызметкерлерге көмек көрсету. | жыл бойы | әдіскерлер |
11 | Оқытушыларға аймақтық, облыстық, халықаралық конференция, семинарларға баяндама дайындауға онлайн әдістемелік көмек көрсету | жоспар бойынша | әдіскерлер |
12 | Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерімен, нормативтік құжаттармен, білім басқармаларының бұйрықтарымен, ұсыныстарымен таныстыру | жыл бойы | әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра меңгерушілері |
13 | Бұйрықтар, ұсыныстар, жедел тапсырмалар негізінде іс-шаралар ұйымдастыру. | жыл бойы | әдіскерлер |
14 | Платонус платформасында оқытушыларының сабақты жүргізуін қадағалау | жыл бойы | әдіскерлер |
15 | Оқытудың озық технологиялары негізінде жасалған әдістемелік талдамалар жинақтау. | ІІ жарты жылдықта | әдіскерлер |
3.Педагогикалық шеберлік студиясы | |||
1 | Платонус платформасында сабақ жүктеу бойынша әдістемелік вебинарлар ұйымдастыру. | қыркүйек | әдістеме кабинеті |
2 | Әр пән бойынша видео сабақтар санын арттыру | Жыл бойы | әдістеме кабинеті, кафедра меңгерушісі |
3 | Математика және физика кафедрасының онлайн апталығы | қазан | әдіскерлер, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі |
4 | Тілдер кафедрасының онлайн апталығы | қараша | әдіскерлер, кафедра меңгерушісі |
5 | Дизайн және өнер кафедрасының онлайн апталығы | желтоқсан | Әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра меңгерушілері |
6 | Әдістемелік онкүндік | қаңтар | директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, әдіскерлер |
7 | Жас мамандар онкүндігін ұйымдастыру, өткізу | ақпан | әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
8 | Бағдарламалау және есептеу техникасы кафедрасының онлайн апталығы | наурыз | әдіскерлер, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі |
9 | Дене шынықтыру онлайн апталығы | сәуір | әдіскерлер, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі |
10 | Қоғамдық ғылым негіздері кафедрасының онлайн апталығы | мамыр | әдіскерлер, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі |
11 | Педагогика, психология және жаратылыстану кафедрасының онлайн апталығы | мамыр | әдіскерлер, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі |
12 | Педагогикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді таныстыру мақсатында вебинарлар өткізу | жыл бойы | Мизамиева Г, Сүлеева Н |
13 | Оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн вебинарлар ұйымдастыр | жыл бойы | Әдіскерлер |
14 | Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына орай «Нақыл сөздер» байқауын онлайн ұйымдастыру | оқу жылы ішінде | Әдіскерлер Тілдер кафедрасы |
4.Педагогикалық мониторинг | |||
1 | Әдістемелік кабинеттің кафедрадағы әдістемелік жұмыс жоспарын, колледжаралық ішкі бақылаудың кешенді жоспарын талқылап бекіту | тамыз | әдістемелік кеңес мүшелері |
2 | Кафедраларда өткізілген іс-шаралардың есебін алу, сапасын, нәтижелігін қадағалау | жыл бойы | директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, әдіскерлер |
3 | Тақырыптық, жан-жақты тексеруді ұйымдастыру, қатысу | жыл бойы | директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары, әдіскерлер |