Жаңа оқу жылы басталғалы жас мамандар даярлау ісінде жаңаша тың көзқарастар мен өзгерістер өмірімізге еніп жатқаны жасырын емес. Ақпарат көп оны жүйелеп, студент санасына қарай бейімдеп сабаққа енгізу-бүгінгі күннің басты міндеті. Жас мамандарға әдістемелік көмек,тәлімгерлік көрсету жұмыстары да осы тұрғыда маңызды.
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті.
Семинарда дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау барысындағы сапаны жақсартудың жолдары,көкейкесті мәселелері сөз етіліп, жүйелі ой ортаға салынды.
Баяндама жасаған Ө.Ташкенбев пен Ә.Жумабаев жас мамандар даярлау бағытында сапаны жақсарту жолдарын, бағдарламалардың өзекті мәселелерін шешу,кәсіби маманның үлкен өмірге бейімдеу туралы ойын ортаға салды. Іс-шара қызу-тартысты жағдайда өтіп,өзіндік ой –пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Семинар соңында жас мамандар өз қызығушылықтары жөнінде сұрақтар қойып,олардың әрбіріне тәжірибелі ұстаздар тарапынан жауаптар алынды.
Жас мамандар мектебі
Колледждің жалпы әдістемелік тақырыбы: Кәсіби білім беруде педагогикалық тәжірбиенің озық үлгілерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамытатын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға негізделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Мақсаты:
- жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, олардың өзіндік кәсіби өсуіне көмектесу;
- жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;
- әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;
- ZOOM қосымшасында жас мамандардың сабақтарына қатысу арқылы қашықтықтан білім берудің ерекшеліктерін үйрету және сабақ беру әдісін жетілдіру.
Міндеті:
- Жас мамандардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
- Жас маманға өзін-өзі дамытуының оңтайлы жолдарын іздестіру әдістерін ұсыну.
- Жоғарғы оқу орындарында алған білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық жұмыста пайдалана білуге үйрету.
- Жас мамандардың оқу-тәрбие процесіне араласуына әдістемелік көмек көрсету;
- Пәнді меңгеру әдістемесінен түйген, алған тәлімін – сабақ беруде оқытудың белсенді әдістерін пайлана отырып, шығармашылықпен өткізуге үйрету.
Жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылына жоспары
№ | Мерзімі | Күн тәртібіндегі сұрақтар | Жауапты орындаушы |
Ұйымдастырушылық жұмыс | |||
1 | қыркүйек | Жас мамандар тізімін топтау. Оларға тәлімгерлер бекіту. | Кафедра меңгерушілері |
2 | қыркүйек | Жас мамандармен колледж дәстүрі туралы онлайн сұхбат. | Кафедра меңгерушілері |
Әдістемелік жұмыс | |||
3 | қыркүйек | Платонус платформасында сабақ жүктеу бойынша әдістемелік вебинарлар ұйымдастыру. | Айдарханова Н.Е. тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері |
4 | Жыл бойы | Қашықтықтан білім беру жүйесімен таныстыру | Колледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері |
5 | Жыл бойы | Жас мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіріп отыру | Колледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері |
6 | Жыл бойы | Білім беру жүйесіндегі жаңашыл үрдістермен таныстыру | Колледж әдіскері, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері |
Педагогикалық шеберлік студиясы | |||
7 | қыркүйек | «Кейс материалдарын платонус платформасында дұрыс жүктеу» туралы семинар | Айдарханова Н. Ақбалаева Л |
8 | Қазан | «Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы» семинар | Бекет С Жүсіпбекова М |
9 | қараша | «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары» семинар | Апбазова З |
10 | желтоқсан | «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану» тақырыбында семинар | Айдарханова Н Ақбалаева Л |
11 | қаңтар | «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақтарды жоспарлау тәжірбиесімен бөлісу» семинар | Ахметова Г |
12 | ақпан | «Заманауи сабақ құрлымы мен тиімділік сипаттамалары» семинар | Садыкова С |
13 | наурыз | «Бейне сабақ-қысқа оқыту ролигі» семинар | Ақбалаева Л |
14 | сәуір | «ZOOM қосымшасындасабақ өту барысында экранға демостарция жасаудың тиімділігі» семинар | Құрметова М |
15 | мамыр | «Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері» семинар | Әбдіғаппар Г |
16 | маусым | «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» семинар | Айдарханова Н.Е Ақбалаева Л.Т |
Педагогикалық маниторинг | |||
17 | Жыл бойы | Педагогикалық бақылау және оқытушылар іс-әрекетінің нәтижелерімен таныстыру | Айдарханова Н.Е. Ақбалаева Л Т |
Жас мамандардың жетістіктері
Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледжде тәжірибелі оқытушылар қатарынан супервизия (тәлімгерлік) жүйесі жұмыс істейді.
«Жас маман-2017» облыстық пәндік олимпиадасында математика пәнінің оқытушысы Ұ.Жакупова, тарих пәнінің оқытушысы М.Төлебаева ІІ орынға ие болды.
“Үздік жас маман – 2018” облыстық пәндік олимпиадасында математика пәнінің оқытушысы А.Айтуғанова І орын, химия пәнінің оқытушысы З.Рузиева, тарих пәнінің оқытушысы Ұ.Донебаев ІІ орынға ие болды.
«Жас маман-2019» облыстық пәндік олимпиадасында тарих пәнінің оқытушысы А.Әліпбекова І орынға ие болды.
«Жалынды жастар-2020» облыстық жас манандар форумына әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Б.Әбдіғаппар «Білім беру ұйымдарында тәрбие ісін ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасымен қатысты.
««Өзін – өзі тану» пәнінің Үздік педагогы-2020» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтары арасында Республикалық байқауға өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы М.Ертай қатысты



Жас маманның кәсіби дамуының құралы-өзін-өзі тәрбиеле
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің
«Жас маманның кәсіби дамуының құралы-өзін-өзі тәрбиелеу» тақырыбында өткізілетін жас мамандардың ұйымдастыруымен Волейболдан турнир болып өтті.
Турнир мақсаты жастардың уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жастар арасындағы Волейбол жарысы халықаралық федерациялардың бекіткен ережесіне сәйкес өтілді. Ойын барысында ДШБ 20-9 тобының студенттері мен ДШБ 22-1 студенттері белсенділік танытып, ерекше ойын тәсілдерін көрсетті. Осылайша көрермендерді таң-тамаша қызыққа батырды. Көрермен қауым бұл керемет өткен ойынға өз ризалылықтарын білдірді.
Турнир соңында жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен жеке қатысушыларға да естелік сый-сияпаттар жасалды.
Атап айтар болсақ, «Спорт» бөлімінің
ДШБ 19-9 студенттері 1-орынды иеленді. 2-орынға ДШБ 20-9 тобының студенттері, 3-орынға ДШБ 22-1 тобының студенттері ие болды. «Үздік ойыншы» – Бабақұл Бағдат ; «Үздік ойыншы» – Әжібек Азамат ; «Үздік шабуылшы» – Қалмомын Ерасыл
COVER SHOW
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2023 жылдың 16 ақпан күні «Жас маманның кәсіби дамуының құралы өзін-өзі трбиелеу» тақырыбында жас мамандар онкүндігінің аясында «COVER SHOW » атты студенттер арасында сайыс өтті.
Мақсаты: : Студенттерді әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлық өнерін,сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалпына келтіру.
Сайысқа 6-студент қатысып.
1:МБТ 21-9 Алихан Нурбибы; Көрермен көзайымы атты номинацияберілді.
2:ХБ 22-9 Жумабай Нурсултан: Қоңыр даыус атты номинацияберілді
3: ХБ 22-9 Оралхан Ернұр: Үздік әнші атты номинацияберілді
4: МБТ 21-9 Кулажанова Акерке:Заманауи орындаушы атты номинацияберілді
5: МТБ 21-9 Суханбердиева Оралбек:Үдік дауыс иегері номинацияберілді
6: ХБ 22-1 Ағайдарова Аяжан:Үздік кавер атты номинацияберілді
Ұйымдастырушылар: “Дизайын және Өнер” кафедрасының хореография,музыка пәнінің оқытушылары:Тожимагбет.М,Сатыбай.М,Ағайдар.Н,Абсамат.Н,Жайсаңбай.Е!
Ой мен ойын
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2023 жылдың 16 ақпан күні «Жас маманның кәсіби дамуының құралы өзін-өзі трбиелеу» тақырыбында жас мамандар онкүндігінің аясында «Ой мен ойын» атты мұғалімдер арасында сайыс өтті.
Мақсаты: Жас мамандардың шығармашылық қабілетін шыңдау, жаңартылған бағдарлама бойынша өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттарды ойын арқылы ұйымдастыру және бөлісу.
Сайыс барысында психологиялық тренингтер, түрлі тапсырмалар жүргізіліп, әдіс- тәсілдермен бөлісті.
Ұйымдастырушылар: “Есептеу техникасы және бағдарламалау” кафедрасының информатика пәнінің оқытушылары Абсаматова Құндыз, Сафар Зарина!
Колледжде оқуды ұйымдастыру формалары. Педагогикалық дизайн модельдері
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Колледжде оқуды ұйымдастыру формалары. Педагогикалық дизайн модельдері тақырыбында жас мамандармен оқыту семинары өтті.
Семинар барысында педагогикалық дизайнның теориясы мен моделі қарастырылып, студенттерді сабаққа ынталандыру. Сабақтың тақырыбына мақсат кою, студенттермен кері байланыс орнату, бағалау түрлері, сабақ барысында әдіс-тәсілдерді қолдану тапсырмалары бойынша топтық жұмыс жүргізілді.
«Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогика, психология және жаратылыстану кафедрасының «Жаңартылған білім беру-ізденіс пен тәжірибе» атты онкүндігі аясында сабақ жоспарын құрудың тиімді жолдарымен таныстыру мақсатында психология пәнінің оқытушысы Зұлыпхаров Бауыржан «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өтті.


ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2021
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық –техникалық колледжінде «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2021» байқауы өтті.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын республикалық көлемде атап өту және ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыреті мен өлеңдерін, әндерін таныту. Поэзияны түсіну, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің болашақ тұлғаларын даярлау арқылы сапалы қаламгерлер мен оқырмандар қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту
Веб-парақшаға мултимедиа нысандарын енгізу.
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Жас мамандардың кәсіби құзыретілігін арттыру, олардың өзіндік кәсіби өсуіне көмектесу мақсатында “Жас маманның кәсіби дамуының құралы-өзін-өзі тәрбиелеу” тақырыбында іс-шаралар жоспарланып өткізілуде Тақырып: Веб-парақшаға мултимедиа нысандарын енгізу. Оқытушы: Әбдігаппар Г. Ә
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндерге интеграциялау
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі “Өзін-өзі танусүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы” онкүндік аясында “Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндерге интеграциялау” тақырыбында семинар өтті