📢 Хабарландыру

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, сәйкес әлеуметтік көмек тағайындау үшін 2025 жылдың
5-21 қаңтар аралығында құжаттар қабылдау жүргізілуде.

📢Құрметті талапкерлер! Мемлекеттік тапсырыс жеңімпаздарының тізімін «Сollege.snation.kz» порталы бойынша "Байқау комиссиясының нәтижелері" парақшасынан көре аласыздар.
Колледж әкімшілігі мемлекеттік тапсырыс жеңімпаздарын құттықтайды!!!

📢 Құрметті талапкер !

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 2024-2025 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде

02151000 «Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығы, 4S02151001 «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша өтініш білдірген талапкерлерді 23.07 - 24.07.2024ж. болатын шығармашылық емтиханға шақырады.



📢Құрметті талапкерлер!

⤵️Егер Сізде сұрақ туындаса:

Қабылдау комиссиясы қашан жұмыс істей бастайды⁉️

Колледжге қалай түсуге болады⁉️

Қандай мамандықты таңдау керек⁉️

Коммерциялық немесе грант⁉

Қандай құжаттар қажет⁉️

Колледж қандай жеңілдіктер береді⁉️

✅«Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық» колледжінің қабылдау комиссиясы Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан қуанышты.

WhatsApp нөміріне жазыңыз⤵️

📲+7 775 239 8587 Нурмахан
Молдагалиевич

8-наурыз халықаралық әйелдер күні
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 05.02.2024жылы “Математика және физика“ кафедрасының “Әлем математика тілімен” атты онкүндігінің "Қызықты математика" тақырыбында ашылу салтанаты өтті. Оқытушылар викториналық, логикалық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды. Онкүндіктің мақсаты: математика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып студенттердің білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісін мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
«Young Robot Builder» үйірмесі
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, - деп ұлы ақын Абай айтпақшы жиған түйген білімнің зияны жоқ, оны қайта өңдеп өскелең ұрпаққа үлгі ету үлкен еңбекті талап етеді. Жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қосымша бағдарламаларға жүгініп, өз тәжірибесін молайтып және жастарға үйрете білу өз кезегінде үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет ететіні сөзсіз. Білім ала білу мен оны жетілдіріп өзгеге өнеге ету екі бөлек. Ал Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыру қай салада болсын артықтық етпейді. Осы тұста Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқсанбаева Болсынай Әмірбекқызы 2023 жылдың 5-16 маусым айы аралығында "NIS" педагогикалық орталығында Халықаралық талаптар бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімді меңгеру мен қатар біліктілігін арттыру мақсатында "Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары" атты жоспарға сай арнайы семинар үрдісін жүргізген болатын. Өз кезегінде Т. Болсынай біліктілікті арттыру курсы бойынша өз ойын ашық жеткізіп, ортаға салу арқылы тың идеялармен бөлісіп, озық үлгідегі білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қарастырып кеткен болатын. Семинар барысында талқыланған тақырыптың мазмұны толыққанды ашылып, жалпыға бірдей түсінікті тілмен баяндалды. Қатысушы ұстаздар да семинарға оң бағасын беріп, әдістеме кабинетінің меңгерушісі Назым Айдарханова семинар талапқа сай өткендігі жайлы қорытынды сөз сөйлеген болатын.
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі «Өнер» бөлімінде 23 қазан күні "Worldkills стандарттарының талаптары бойынша техникалық модельдеу тәсілдері" тақырыбында МКБ 20-9 тобында арнайы пән оқытушысы Сералиева Нуржамиланың жетекшілігімен шеберлік сыныбы өтті. Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының бітірушілерінің демострациялық емтиханға дайындауда олардың тігін бұйымдарын өңдеу барысында техникалық модельдеу тәсілдерін меңгеру , кәсіби шеберлігін дамыту. Студенттер өз кезегінде мамандығына деген қызығушылығы артып, белсенділік танытты .

📣 Құрметті талапкер!
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіне 2023-2024 оқу жылына бөлінген мамандықдар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстар саны

  • Қайырлы күн, достар! Сіздер үшін қуанышты жаңалық жеткізгіміз келіп отыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға, 2024 жылы стипендия 100%-ға өседі.
  • ▶️2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 250 000 студент үшін. Стипендия 50%-ға өседі.

    ▶️Орта буын мамандықтары үшін 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін,

    ▶️жұмысшы мамандықтары бойынша 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін көбейеді.

    ▶️2024 жылы стипендия 100%-ға өседі.
👋Құрметті талапкерлер!

📁Құжаттарды қабылдау:

✅9 сынып негізінде: 20.06.2023

✅11 сынып негізінде: 20.06.2023

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - Сенбі
9:00 - 18:00

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 01140500 "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығына оқуға шақырады!!!

24-28 сәуір аралығында өткен “WORLDSKILLS TURKISTAN - 2023” облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті. Еңбек ешқашан еленбей қалмайтыны бәрімізге анық, соның бір дәлелі осы сайыста шәкірттеріміздің еңбектері жанып, жеңіске жетті.

  1. «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша қатысқан Жүніс Әкімжан Маханбетұлы жүлделі ІІ орынға (күміс медаль) ие болды, жетекшісі Әбдігаппар Гулжан Әбдісапарханқызы.
  2. «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша қатысқан Қаржау Зухра Аллабердіқызы ІІІ орынға (қола медаль) ие болды, жетекшісі Сералиева Нуржамиля Тилеубаевна.
    . Сонымен қатар облыстық чемпионаттың ашылу салтанатына ерекше үлес қосқаны үшін басқарма басшысы
    Д. Болатханұлының алғыс хатымен әріптестеріміз К.А.Нағалиева, Б.Т.Нағалиева марапатталды. Жеңісіміз құтты болсын, құрметті әріптестер!
Робототехника-бұл роботтарды жобалау және құрастыру үшін әртүрлі инженерия мен информатиканы қамтитын сала. Яғни, жүйелерді бағдарламалауға арналған информатикадан бастап, жасанды интеллект, машиналық оқыту, терең оқыту, басқару, физика, роботтың қозғалатын бөліктерінің механикасы және осы жабдықты басқаруға арналған электроникаға дейінгі пәндердің жиынтығы.
2023 жылдың 24-сәуір күні Түркістан қаласында жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеуге бағытталған «Worldskills Turkistan-2023» облыстық чемпионатының ашылу салтанатында оқу орнымыздың «Таңшолпан» фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйімен, әуелеткен әнімен чемпионат қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, «Аққу» халықтық ән-би ансамблінің ұжымы әр жанрдағы билерімен көрерменін тәнті етті. Шәкірттеріміздің ғылыми - шығармашылық ізденістерін насихаттау мақсатында «Инновациялық жоба-2023» көрме байқауына студенттердің өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары және өнертапқыш студенттер мен жетекшілерінің ғылыми жобалары қатыстырылды. «WorldskillsTurkistan-2023» облыстық чемпионатына 7 құзіреттілік бойынша қатысып, өз білімдері мен біліктерін сарапқа салатын шәкірттерімізге, әріптестерімізге сәттілік тілейміз!
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2022
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық коллдеж жастары 2022 жылдың 20 - қарашасында өтетін Президент сайлауына белсене қатысады
Құрметті Талапкер-2022!
Сізді, Ғ.Мұратбаев атындағы
Жетісай гуманитарлық-техникалық
колледжі сапалы білім алуға шақырады

📣 Құрметті талапкер, ата-аналар!

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетысай гуманитарлық-техникалық колледжінің
Қабылдау комиссиясының жұмысы 25 маусымнан басталатынын хабарлаймыз.

Біздің оқу орнымызды таңда да - арманыңды ақиқатқа айналдыр